Тәлім сәтінің мақсаты

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы

Тәлім сәтінің мақсаты

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні және Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру. Еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі

Тәлім сәті.

Көрнекілігі

  • Нақыл сөздер
  • Мақал-мәтелдер
  • Суреттер

Жүрісі

  1. I Ұйымдастыру.
  2. II Негізгі бөлім.
  3. III Кіріспе.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді көктем мерекесімен, яғни Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құттықтай отырып, 2 «А» сыныбы дайындаған «Наурыз – жыл басы» атты тәлім сәтін назарларыңызға ұсынамыз.

Наурыз — өте көне мейрам. Бұл мерекенің нақты қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Дегенмен, ол күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.

Бұл күні күн мен түн теңеледі, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді, жер бетінде шаттық орнайды.

Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

Ендеше, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарға кезек берейік.

Наурыз туралы тақпақтар

1-оқушы (Қарақат)

Тақпақ

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүт бұлағын ағызған.

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан.

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның ырысы кенелген,

Күн мейрамы ежелден —

Құтты болсын бұл Наурыз!

2-оқушы (Есен)

Тақпақ

Жаңарғаны сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

3-оқушы (Ақтілек)

Тақпақ

Наурыз — көктем тойымыз,

Той дәмі мол тойымыз.

Күн ұзарып, жылынар,

Өсер біздің бойымыз.

Төлдеді де малымыз,

Тамыр жайды талымыз.

Наурыз өнер жарысын

Бастады жас-кәрі үшін.

4-оқушы (Ақжол)

Тақпақ

Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп

Жылда бізбен тойлаған.

Тойын жасап ел енді,

Қуанышқа бөленді.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!