Қамар сұлу романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу

Сабақтың тақырыбы

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті.

Білімділік

С. Торайғыров шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен көркемдік табысын талдау; роман оқиғаларына сүйене отырып, кейіпкерлер бейнесін сомдау.

Тәрбиелік

Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға және сана-сезімді дамытуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ізденімпаздық қасиетін дамыту, шешен әрі дәл сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың типі
Іздендіру сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақтар.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындық деңгейіне назар аудару.

  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау

    Тақырыптар: С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы; «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

    Сұрақ-жауап кезеңі

    • Ақынның өмір сүрген жылдары қандай?
    • Ақынның білім алған оқу орындары туралы баяндаңдар.
    • Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?
    • Ақынның поэмаларын атаңдар.
    • Алаш ардагерлері туралы не білесіңдер? Олардың ақын өміріндегі орны қандай болды?
    • «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
    • «Айқап» сөзі қандай ойға жетелейді? Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?
    • Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
    • «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?
    • Шығарма неліктен «Қамар сұлу» деп аталған?
  3. 3) Үй тапсырмасын бекіту: мазмұндық талдау

    Роман бөлімдеріне қысқаша сипаттама беру тапсырмасы орындалады.

    1-бөлім

    «Жігітті ел мақтаған, қыз жақтаған…»

    2-бөлім

    «Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары»

    3-бөлім

    «Күндестік оты жанғанда»

    4-бөлім

    «Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет»

    5-бөлім

    «Қырын келген құдалық»

    6-бөлім

    «От ортасында ойрандалған Омар»

    7-бөлім

    «Қайғыдан қан жұтқан Қамар»

    8-бөлім

    «Зұлымдық — надандықтың басты белгісі»

    9-бөлім

    «Құрбандыққа шалынған жастар»

  4. 4) Қорыту: «Романнан алған әсерім»

    Оқушылар шығарма туралы ой бөліседі, негізгі түйіндерін айтады.

  5. 5) Жаңа сабақ

    Роман мазмұнын негізге ала отырып, кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы оқиғаларға жан-жақты ой жүгірту.

  6. 6) Жаңа сабақты бекіту: кейіпкерлер әлеміне талдау

    • Шығармада адамдардың тұрмыстық жай-күйі қалай берілген? Әңгімелеңдер.
    • Роман кейіпкерлеріне талдау жасаңдар.
    • Нұрым қандай адам?
    • Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
    • Сол замандағы бақсы-балгерлердің іс-әрекеті романда қалай суреттелген?
  7. 7) Проблемалық сұрақ

    Романдағы қарама-қайшылықтар бүгінгі қоғамда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде?

    Неліктен қатігездік надандықтың белгісі ретінде қарастырылады?

    Қазіргі заманмен байланыстырып, ауызша ой толғаңдар.

  8. 8) Тапсырмалар

    Көркем шығарма мәтінімен мақсатты жұмыс: дәлел келтіру, үзінді арқылы пікірді негіздеу, детальдарды табу.

  9. 9) Пысықтау: тұжырым кестесі

    Оқушылар кестені толтырып, кейіпкердің мінезі мен әрекетін байланыстырады.

    Кейіпкерлер Адами қасиеттері Іс-әрекеттері
    Қамар
    Ахмет
    Омар
    Жорға Нұрым
    Оспан би
    Қалтан қажы
  10. 10) Кейіпкер портреті

    Жазушы кейіпкердің сыртқы келбеті мен ішкі болмысын қалай ашатынын талдау:

    Қамар Ахмет Нұрым

Модельдеу әдістемесі

I) Шығарма тақырыбы

Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі.

II) Шығарма идеясы

Қазақ жастарының бас бостандығын қорғау, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу.

III) Негізгі кейіпкерлер

Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым.

IV) Қосалқы кейіпкерлер

Қалтан, Оспан, Қасен, Жәуке, Жұмабай, Бәтек молда.

V) Әдеби бағыт және жанр

Сыншыл реализм; жанры — проза. (Шығармада поэзиялық өрнек пен прозалық баяндау қатар ұшырасады.)

VI) Монологтарды табу

«Ахметті сүйемін-ақ, сүйгенім үшін күйемін-ақ. Ал енді шыдамадым… қараландым… Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме, Қамар мені сүйді ме, сүйгендіктен күйді ме?…»

Сұрақ: монолог кімдікі, қандай жағдайда айтылған?

VII) Көркемдік ерекшелік

Кейіпкер мінезін әлеуметтік орта, тілдік сипаттама, психологиялық ишаралар және оқиға драматизмі арқылы ашу.

VIII) Салт-дәстүр

Атастыру, қызды қалың малға сату, жар-жар, үшкіру, кәде беру.

IX) Қолданылған мақал-мәтелдер

Соқыр тауыққа бәрі бидай Таң атпайын десе де, күн қоймайды Кәріліктің алды — жігіттіктің соңы Арсызға алты күн мейрам Суға кеткен тал қармайды Теңі келсе, тегін бер Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді Бір тойған — шала байығандық Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе Жақсыдан жаман туса, емі болмас; жаманнан жақсы туса, теңі болмас Ит үрді, керуен көшті Бастан құлақ садақа

X) Шығарма құрылысы

  1. Басталуы: Қамарды суреттеу, Қамар мен Ахметтің кездесуі.
  2. Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауаптар.
  3. Шиеленісуі: Әлеуметтік тұрғыдан үйлеспеуі, ауыл ішіндегі күндестік пен өсек, Ахметтің оқуға кетуі.
  4. Оқиғаның байланысы: Нұрымның әйелі қайтыс болып, Қамарға құда түсуге кісі жіберуі.
  5. Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы.
  6. Шешімі: Ахметпен кездесуі, Қамардың қайтыс болуы.

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды

Негізгі ойларды түйіндеу, оқушылардың дүниетанымына ой тастау және шығармадағы әлеуметтік мәселелердің мәнін саралау.

Бағалау

Жауаптың дәлелі, мәтінмен жұмысы, талдау тереңдігі және сөйлеу мәдениеті бойынша бағалау.

Үйге тапсырма

«Ойтолғау» жазып келу: романдағы кейіпкерлер тағдыры мен бүгінгі өмір арасындағы байланыс туралы пікір білдіру.