Панорамалық сабақСабақтың тақырыбы

Панорамалық сабақ

Сабақтың тақырыбы

Егіншілік пен мал шаруашылығы

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, зейінін және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Коррекциялық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін және тіл байлығын арттыру, жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, топтық және жеке жұмыс түрлеріне баулу. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, адам еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Сабақтың әдісі

  • Ақпараттық технологияларды пайдалану
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Қанатты сөздер
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Бейнелеу өнері
  • Еңбекке баулу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

  • Психологиялық дайындық
  • Тірек білімдерін жетілдіру

Жаңа сабақ

  • Қызығушылықты ояту
  • Мәтінмен жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Психологиялық дайындық

Өлең жолдары

Зеңгір көктем,

Нұрын төккен.

Ортақ біздің күніміз,

Жайнап өскен,

Жайдары өскен —

Біз өмірдің гүліміз.

Тірек білімдерін жетілдіру

Сұрақтар

  • 1) Дастарханымыздың байлығы, ас атасы не, балалар?

  • 2) Төрт түлік дегеніміз не?

  • 3) Төрт түлікті өсіріп-өндіріп, бағып-күтетін шаруашылық түрі қалай аталады?

Талқылауға арналған ой

Әрине, нан болса — ән де болады, сән де болады. Өйткені бар байлықтың бастауы, тіршіліктің қайнары мен жалғасы — нан.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ 1

Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

Жұмбақ 2

Көкке шаншып құлақты,

Келеді бір жүйрігім.

Жұмбақ 3

Келеді бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Жұмбақ 4

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Мұғалім туралы мәлімет

Түзете-дамыта оқыту сыныбының мұғалімі: Белхаирова Асемгүл Мұстахимқызы.

Тақырып: Егіншілік пен мал шаруашылығы.