Программа жазу пішімі қалай
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды тиімді қолдану арқылы пәнге қызығушылықты арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру (қайталау сұрақтары)
1. Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм — берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі.
2. Алгоритм жазудың пішімі қандай?
алг алгоритмнің_аты басы алгоритм_командалары соңы
3. Айнымалы типтерін атаңыз
- бүтін: integer
- нақты: real
- таңбалық: char
4. Енгізу операторлары
read, readln — мән енгізу үшін қолданылады.
5. Шығару операторлары
write, writeln — нәтиже шығару үшін қолданылады.
6. Меншіктеу операторы
Айнымалыға мән беру пішімі: айнымалы := өрнек.
7. Программа жазудың жалпы құрылымы
program программа_аты; var айнымалалар_бөлімі; begin операторлар_бөлімі; end.
3) Жаңа тақырып
Екі санның қосындысын анықтау мысалы арқылы сызықтық алгоритмді қарастырамыз: c = a + b.
Оқушы әрекеті
- Блок-схемасын құрастыру
- Алгоритмін жазу
- Компьютерде бағдарламаның орындалуын бақылау
Сынып үш топқа бөлінеді: 1-топ — Алгоритм, 2-топ — Блок-схема, 3-топ — Программа.
Топтық тапсырмалар
1-тапсырма
a = −2 болғанда келесі өрнектің мәнін табу үшін алгоритм, блок-схема және программа құрыңыз:
Өрнек:
(a − 8) · (2a + 5)
- 1-топ: алгоритм құрастырады
- 2-топ: блок-схема сызады
- 3-топ: Pascal тілінде программа жазады
2-тапсырма
Топтар орын ауыстырады. Әр топ алдыңғы тапсырмадағы есепті жаңа рөлде орындайды:
1-топ
Программа құрады
2-топ
Алгоритм құрады
3-топ
Блок-схема құрады
Мақсат — бір есепті әртүрлі ұсынылымда (мәтіндік алгоритм, графикалық блок-схема, код) көрсете білу.