Достық және Сыйластық топтары

Тақырыбы: Дос және достық

Тәрбие сағатының мақсаты

  1. Оқушыларға дос пен достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу; өзімшілдік, менмендік және басқа да жағымсыз әдеттерден аулақ болуға үйрету.
  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін және бір-біріне деген достық сезімдерін дамыту.

Пайдаланылатын көрнекіліктер

  • Ұлы адамдардың ойлары, нақыл және ұлағатты сөздер
  • Дос туралы мақал-мәтелдер
  • Газет-журналдардан үзінділер
  • Видеопроектор

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II «Дос және достық» тәрбие сағаты
  3. III Ән тыңдау: «Достарым»

Тақырыпты ашуға арналған сұрақтар

1) Дос деген кім?

  • Сыр бөлісетін адам
  • Мені жақсы түсінетін адам
  • Көмекке әрдайым дайын адам
  • Қандай жағдай болса да жанымнан табылатын адам
  • Сенімді адам

2) «Достық» дегенді қалай түсінеміз?

(Жауапты сурет арқылы беріңіз: әр оқушы өз салған суреті бойынша түсіндіреді.)

1-жауап

Адамдар арасындағы байланыс

2-жауап

Достықты шеңберге теңедім

3-жауап

Жүрек

4-жауап

Гүл

3–9) Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Досың бар ма? Ол кім?
  2. Достық — шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
  3. Достық жасқа байланысты ма?
  4. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
  5. Жақсы дос пен жаман дос қандай болады?
  6. Досыңның басына қиындық түссе, не істейсің?
  7. Дос қандай болу керек?

Достың қасиеттері

Нағыз дос — мінезі мен іс-әрекеті арқылы сенім сыйлайтын адам. Төмендегі қасиеттер достықтың берік болуына негіз болады:

адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамайды ашық бүкпесіз

Адал достық пен амал достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары: «Достық нешеу?» — деп сұрайды. Сонда Әйтімбет: «Достықтың екі түрі болады: бірі — адал достық, екіншісі — амал достық», — дейді. «Ендеше, оны қалай ажыратамыз?» дегендерге: «Адал достық — өмірлік нұсқа, амал достық — күндік нұсқа», — деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

«Сөйлемді аяқта» тренингі

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтағы әрбір оқушы берілген сөйлемді жалғастырып, ойын нақты дәлелмен толықтырады.

А) Сөйлем

Әрбір адамға дос керек. Өйткені…

Ә) Сөйлем

Сыйластық бар жерде…

Жағдаяттан шығу

«Достық» және «Сыйластық» топтары жағдаятты талқылап, ең дұрыс шешімге келудің жолын ұсынады.

Жағдаят

Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Бұл мәселе сынып жиналысында талқыланып жатыр. Досың сенен қолдау күтеді. Сен не айтар едің?

адалдық жауапкершілік әділ шешім кешірім сұрау