Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
5 санын қосу және азайту
Сабақ түрі
- Түрі: дәстүрлі емес (ойын сабағы)
- Типі: аралас сабақ
Мақсаты
- 1 Бұрын меңгерген білімді қолдана отырып, жаңа тақырыпты игеру; 5 санының қосу және азайту кестесін меңгерту; ондықтан аттап қосуға және разрядтық қосылғыштарға жіктеуге үйрету.
- 2 Сабақты ойын түрінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; логикалық ойлауын дамыту; сан құрамын анықтау, есепті талдау және математикалық тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- 3 Оқушыларды шапшаңдыққа, белсенділікке, нақтылыққа және жалпылай ойлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- түсіндіру
- ойын
- жаттығу
- көрнекілік
- әңгімелесу
- талдау
Көрнекіліктер
- кестелер
- қима қағаздар
- ақыл тақтасы
Сабақ кезеңдері және өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар. Бүгін математика сабағын сіздермен Жазира апай өткізеді.
Логикалық тапсырма
Тақтадағы гүлге назар аударыңдар:
- Неше үшбұрыш бар?
- Неше шаршы бар?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасы ауызша тексеріледі.
III. Өткенді жан-жақты қайталау
Математикалық диктант
Дәптерімізге бүгінгі күнді жазамыз. Дәптердің шетіне м. д. деп белгілейміз.
4 + 3 = 7
5 + 1 = 6
2 + 3 = 5
9 + 4 = 13
12 − 3 = 9
9 − 1 = 8
10 − 3 = 7
8 − 4 = 4
IV. Жаңа сабаққа дайындық
Жұмбақ есеп
Қайратта бар бір гүлі,
Жанатта бар бір гүлі,
Қанатта бар екі гүл,
Санатта бар бір гүлі.
Қоссақ барлық гүлдерді,
Нешеу болды шешуі?
V. Жаңа сабақ: 5 санын қосу және азайту
Бүгінгі тақырып — 5 санын қосу және азайту. Ең алдымен 5 санының құрамын еске түсіреміз: қандай сандарды қосқанда 5 шығады? Бұл жұптар 5 санының құрамына жатады.
Негізгі идея
5 + 5 нәтижесінде 10 шығады — бұл толық ондық.
Ондықтан аттап қосу
Мысалы, 6 + 5. Алтыға қандай санды қоссақ 10 болады? 4. Демек, 5-ті 4 және 1 болып жіктейміз.
Үлгі есеп
6 + 5 = 11
Ондықтан аттап қосу: (6 + 4) + 1 = 11
11 − 5 = 6
Кері амал: (11 − 1) − 4 = 6
7 + 5 = 12
8 + 5 = 13
9 + 5 = 14
Ойын бөлімі: «Поле чудес»
«Поле чудес» ойыны туралы естігендерің бар ма? Бүгін біз осы ойынды ойнаймыз. Ойын шарты бойынша барабанды айналдырғанда түскен санның артындағы тапсырманы орындаймыз.
Мақсат
Қосу/азайту дағдысын бекіту
Тәсіл
Жылдам есептеу, талдау
Ереже
Түскен санға сәйкес тапсырма орындау
Нәтиже
Белсенділік пен қызығушылық артады