Бүгін соңғы қоңырау

1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы қоңырау)

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя - мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім

Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Білім керек бәріне

Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың

Мектепке алғаш барғанда
Ұстаздарды мақтаймын,
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.

Сәлем беріп өтейін,
Биіктерге жетейін.
Алдыңызда өзімді
Таныстырып кетейін.

Мектеп, менің мектебім,
Ақылсыздан шеттедім.
Білімдімен дос болып,
Сенен аттап өтпедім.

Қару - жарақ – сабағым,
Қалам - парақ – садағым.
Жалқау менен наданды
Білімменен қададым.

Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.

Таң қалдырып әлемді,
Айтайын мен өлеңді.
Қабыл алғын, жамағат,
Қызың берген сәлемді.

Күн көзімен таласқан,
Ай мен күнге жол ашқан.
Қазақ қызы мен болам,
Білімменен санасқан.

Есін допқа жеңдірген,
Бала емеспін сен білген.
Алтыға кеп, алып боп,
Біріншіге келдім мен.

Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын көшелі.
Білім алып бойыммен
Ойым да енді өседі.

Салтанаты бек керім,
Міне, сынып - мектебім.
Ұстаздарым аялы,
Достарым да көп менің.

Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп - ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.

Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.

Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн... Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез - келген пендені бей - жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн...
Бүгін соңғы қоңырау! Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз... Қоңырау үнін қатты сағындым! Мектебімді, ұстаздарымды сағындым... Қызыыыық! Біз адамдар өткенімізді неге сонша тез ұмытқыш келеді екенбіз!? Қазір ойлап қарасам, оқушылық өмірден еске түісіп отырғаны тек мына жыр шумақтары екен:
Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ, соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды, сылдырлайды соңғы қоңырау!
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге – Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!



Ұқсас жұмыстар

Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтырған нәрестелердiң санын азайтып көрсетiп отыр
Телефон - телефон
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Пайдаланушылардың телефондары арасында дауыстық ақпаратты екі жақты беру қызметтері
Авторлық бағдарлама Сәлем мектеп – бұл мен
Жай ұялы телефон смартфон
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Аудандық (қалалық) сотта өндірістік тәжірибесін өту есебі
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Біз бүгін қай жерде тұрмыз
ШОҒЫР ҚОҢЫРАУГҮЛ
Қазақ хандығының соңғы ханы
Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында
Бүгінгі қала
Бүгінгі күз кешінде
Бүгінгі таңда әрбір мектеп есі­гін ашқан бүлдіршін өзінің әй­бат Әліппесімен бірге Ел­ба­сымыздың осынау әкелік ме­йі­рім­ге толы ақ батасын арқалап алаң­сыз, білім атты үлкен өмір­дің табалдырығын именбей ат­тай­ды
Бүгінгі жас - ертеңгі маман
Елім деп еңіреп өткен есіл елдің сүйегі күні бүгінге дейін Калуга топырағында