Қурай аспабының жасалуы
5-сынып
Тақырып
Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы
Мақсаты
Қурай аспабының жасалу жолын және орындау әдістерін меңгеру.
Күтілетін нәтиже
Қурай аспабының шығу тарихын, түрлерін және орындалу ерекшелігін түсіндіріп, айтып бере алады.
Ресурстар
Интерактивті тақта, слайдтар, бейнежазбалар.
Сабақты ұйымдастыру
- 1 Сабаққа дайындық.
- 2 Үй тапсырмасын тексеру.
- 3 Жаңа тақырыпты меңгеру.
Білу: «Миға шабуыл»
Өткен материалды еске түсіріп, талқылауға бағытталған сұрақтар.
- Шаңқобыз аспабының әртүрлі атауларын атаңдар.
- Шаңқобыз аспабы қай халықтарда кездеседі?
- Алтай халқында комус аспабы қалай пайда болған?
- Шаңқобыз аспабы қалай жасалады?
- Неліктен әлем халықтары бірдей аспап түрлерінде ойнаған деп ойлайсыңдар?
Түсіну
Сурет бойынша талқылау
- Суреттен қандай өсімдікті көріп тұрсыңдар?
- Осы өсімдіктен не жасауға болады?
- Қалай жасар едіңдер?
- Қалай ойналады?
Қурай — башқұрт халқының қастерлі аспабы
Қурай — башқұрт халқында ерекше құрметке ие болған ұлттық аспап. Ол тек музыкалық құрал ретінде ғана емес, сонымен бірге Башқұртстанның символы ретінде де жоғары бағаланады. Қурайды республиканың жалауынан және елтаңбасынан да көруге болады.
Ежелгі дәуірден бері қурайды адамдардың қайғы-мұңын жеңілдететін, ойына ой қосып, рухы мен жігерін көтеретін қасиетті аспап деп санаған. Қураймен жеткен көне музыканы айрықша қастерлеп, үлкен жиындар мен мерекелерде қурайшыларға төрден орын берген.
Қурай аспабының жасалуы
Халық аспабының жасалуы қарапайым көрінгенімен, дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді. Қурайды көбіне қураған қамыстан жасайды.
Негізгі қадамдар
- 1 Қамыстың ең ұзын, түзу сабағын таңдап алады.
- 2 Шамамен 1 метр ұзындықта кесіп дайындайды.
- 3 Алдыңғы бетіне 4 тесік теседі.
- 4 Бас бармаққа арналған 1 тесік жасайды.
Қурайда орындау ерекшелігі
Қурайды жасау жеңілдеу болғанымен, орындау тәсілі күрделі. Себебі қурайшылар күйді орындап қана қоймай, дыбысты көмеймен (дауыс арқылы) сүйемелдеуді де меңгерген.
Көмеймен айту дәстүрін жетік игерген қурайшы ең шебер орындаушы саналған. Қурайшының көмейінен шыққан қою, қоңыр үн аспаптың сұлу сазды әуенімен астасып, ерекше үйлесім тудырады.
Үзләү (Узляу) әдісі
Башқұрттар қурайда осылай ойнау тәсілін «Үзләү» деп атайды. Бұл дәстүр алтай, тыва және хакас халықтарындағы көмеймен айту өнерімен туыстас.