Егемен тобына

Мұғалім сөзі

Қазақстанның өткен тарихы — ата-бабаларымыздың еркіндік пен болашақ бақыты үшін жүргізген ұзақ та ауыр күресінің шежіресі. Тәуелсіздік оңай келген жоқ: ол — азапты да отты жылдардың жемісі.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру қажет» деген сөзі әрдайым жадымызда болуы тиіс.

Егеменді еліміздің ертеңі — сіз бен біз. Кешегі от ауызды шешендер мен билердің, етігімен су кешкен ерлердің айбынды рухымен сақталған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды — жаңа ғасырдағы атамекенімізді — мәңгі қастерлеу, Отанымыздың лайықты азаматы болу — бәріміздің қасиетті борышымыз.

Өлең жолдары

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін — туады ертең,

«Қазақ болу — зор бақыт!» дер күн жетті.

Ақын жырлағандай, «Егемендік — ежелден ел тілегі» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.

Топтар таныстырылымы

І топ — «Тәуелсіздік»

Таныған соң оң менен солымызды,

Тәуелсіздік деп айдарлап тобымызды.

Білім шыңдап, бақ сынау мақсатымыз,

Жеңіспенен шықса дейміз жақсы атымыз.

ІІ топ — «Егемен»

Сайыста біз танытпаймыз өр қылық,

Тәуекел деп сайысамыз бел буып.

Егеменбіз — күллі әлемге танылған,

Байтақ елміз — күн нұрына шомылған.

Ойын құрылымы: 6 кезең

  1. 1 Тәуелсіз елдің ұланы
  2. 2 Қазақстан — Ғажапстан
  3. 3 Рәміздерім — мақтанышым
  4. 4 Теңге — Қазақстанның ұлттық валютасы
  5. 5 Арман қала — Астана
  6. 6 Халқы өскен ел — құдіретті

І кезең: «Тәуелсіз елдің ұланы»

Ереже

  • Топ басшылары бақ сынайды.
  • Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Меридиан сызықтары глобус бетін шарлайды. Қажет болса, бүгін ол білім төріне самғайды. Бүгінгі ойында қиын сұрақтар да топ басшыларын тайсалдырмайды.

«Тәуелсіздік» тобына сұрақтар

  1. Қазақстан жерінің аумағы?

    2,7 млн км²

  2. Қазақстанның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы?

    3000 км

  3. Қазақстанмен ең ұзақ шекаралас ел?

    Ресей

  4. Қазақстан қай жылы ТМД-ға мүше болды?

    1991 жыл, 21 желтоқсан

  5. Қазақстанда неше облыс бар?

    14

«Егемен» тобына сұрақтар

  1. Қазақстан аумағы бойынша әлемде нешінші орында?

    9-орын

  2. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы?

    1600 км

  3. Қазақстанмен ең қысқа шекаралас ел?

    Түрікменстан

  4. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болды?

    1992 жыл, 2 наурыз

  5. Қазақстанда неше аудан бар?

    160

ІІ кезең: «Қазақстан — Ғажапстан»

1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес бұрынғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын «Қазақстан Республикасы» деп атау туралы шешім қабылдады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Дәл осы кезеңнен бастап Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде шықты.

1991 жылдың соңына дейін екі апта ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді. Олардың қатарында Түркия, АҚШ, Қытай, Германия және басқа да елдер болды. Осылайша әлемнің саяси картасында Қазақстан атауы айқын көрінді.

«Тәуелсіздік» тобына тапсырма

«Қазақстан» сөзінің әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 қаласын атаңыз. Бір қаланы қайталауға болмайды. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

«Егемен» тобына тапсырма

«Қазақстан» сөзінің әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 өзені немесе көлін атаңыз. Бір өзен-көлді қайталауға болмайды. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.