Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Салтанатты қабылдау жиыны

Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын.

Қатысушылар

  • Мектеп директоры
  • Тәрбие ісінің меңгерушісі
  • Аға тәлімгер
  • Жас Ұлан ұйымының мүшелері

Өту барысы

1-жүргізуші

Біз — Жас Ұлан, Отан-ана өркені, Үміт артқан болашағы, ертеңі. Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

2-жүргізуші

Мы должны воплотить все надежды, Все мечты, стремленья и сны, Чтобы не жить, как прежде, Новый мир построить должны.

1-жүргізуші

Қайырлы күн, қымбатты достар!

2-жүргізуші

Добрый день! Мы рады приветствовать вас!

Ұйымның мақсаты

Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті — жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары етіп тәрбиелеу: өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқор, білімге құштар, өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылатын, өршіл әрі қайсар тұлғаны қалыптастыру.

Осы мақсатты көздейтін — дәстүрімізді, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлға тәрбиелеуге бағытталған Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы.

Салтанатты жиынды ашу үшін Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мемлекеттік туы әкелінсін.

Біз сіздерді Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімінде қарсы алуға қуаныштымыз.

В этот замечательный день мы рады приветствовать вас на торжественной церемонии приема в ряды Республиканского общественного объединения — Единой детско-юношеской организации Жас Ұлан, созданной по инициативе Главы государства Н. А. Назарбаева.

Цель объединения — воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности казахстанскому народу, культуре и традициям, толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям и самосовершенствованию, гармонии жизни, а также высокого чувства ответственности и сопричастности к истории Отечества — настоящему и будущему Независимого Казахстана.

Ұрандар мен қағидалар

1-жүргізуші

Жас ұландықтар — жалынды жастар.

2-жүргізуші

Жас Ұлановец — служит обществу.

1-жүргізуші

Жас ұландықтар — нағыз көшбасшылар.

2-жүргізуші

Жас Ұлановец — ответственный гражданин.

1-жүргізуші

Жас ұландықтар — сенімді достар.

2-жүргізуші

Жас Ұлановец — будущий Жас Отановец.

Именно сегодня, в канун Дня Независимости Республики Казахстан, лучшие учащиеся нашей школы достойны вступить в ряды Жас Ұлан, основателем которой является Президент нашей страны Н. А. Назарбаев.

Рәсім

Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушылар таныстырылады.

Салтанатты жиынның төсбелгілері мен галстуктарын тарату Жас Ұлан ұйымының қатарындағы оқушыларға тапсырылады. (Әуен орындалады.)

Жас Ұлан қатарына қабылданатын Жас Ұландықтар мен Жас Қырандықтардың анты қабылдансын.

Ант

Біз, Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, салтанатты түрде ант етеміз:

  • Өз Отаным — Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және дәріптеуге;
  • Туған елімді, жерімді, Отанымды мақтан тұтуға;
  • Ата-анамды қадірлеуге;
  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
  • Білімге табандылықпен ұмтылуға;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға;
  • Табиғатты аялауға;
  • Жас Ұлан ережесін бұлжытпай орындауға және оны өз достарымнан талап етуге;
  • Жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге.

АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!

Аға тәлімгер: Бохан Сылау