Excel бағдарламасында диаграмма

Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері

Зертханалық-практикалық сабақ жоспары №12 (Информатика). Сабақ түрі: зертханалық сабақ. Оқыту әдістері: практикалық жұмыс, талдау, тексеру, өзіндік жұмыс.

Сабақ тақырыбы

MS Excel бағдарламасында диаграмма тұрғызу және диаграмма типтерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға MS Excel бағдарламасының графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы түсінік беру; Диаграмма шеберінің көмегімен диаграмма тұрғызуды және әртүрлі диаграмма типтерін құруды үйрету.

Дамытушылық

Компьютермен жұмыс барысында есте сақтау, зейін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; пернетақтада жұмыс істеу жылдамдығын арттыру; пәнге қызығушылық пен компьютерлік сауаттылықты күшейту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдық пен шапшаңдыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Графопроектор
  • Компьютерлер
  • MS Excel бағдарламасы
  • Нұсқаулық кітапша
  • Таратпа материалдар

Дәріс барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың қатысуын тексеру.
  • Сырт келбеті мен төс белгісіне назар аудару.
  • Зертхана тазалығын қадағалау.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Теориялық тақырып бойынша тексеру

Әр оқушы жеке компьютерге отырып, тест тапсырмаларын орындайды.

Тест сұрақтары (15)

  1. 1) A1 ұяшығындағы деректі B1 ұяшығындағы дерекке бөлу өрнегі Excel бағдарламасында қалай жазылады?

    • A) =A1 B1
    • B) =A1^B1
    • C) =A1\1
    • D) =A1:B1
  2. 2) Электрондық кестеге арналған өрнектің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

    • A) =A2*A3 - A4
    • B) A5B5 - 23
    • C) =C3+4*D4
    • D) C3=C1+2*C2
  3. 3) Диаграмма дегеніміз не?

    • A) Деректерді сызбалық түрде ұсыну
    • B) Деректерді сыртқы безендіру және пішінін түзету
    • C) Әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шендер
    • D) Логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі
  4. 4) Excel кітабына диаграмманы қандай әмірлер арқылы қосуға болады?

    • A) Құралдар → Диаграмма шеберінің қадамдарын орындау
    • B) Диаграмма → Диаграмманы қосу
    • C) Көрініс → Диаграмма → Диаграмманы қосу
    • D) Кірістіру → Диаграмма → Диаграмма шеберінің қадамдарын орындау
  5. 5) Excel бағдарламасында өрнекті өңдеуге бола ма?

    • A) Дұрыс жауабы жоқ
    • B) Жоқ
    • C) Кейбір жағдайда
    • D) Иә
  6. 6) Excel бағдарламасында өрнек енгізу кезінде жақшаны пайдалануға бола ма?

    • A) Иә, тек абсолютті сілтемелерді пайдалану кезінде ғана
    • B) Жоқ
    • C) Иә
    • D) Иә, тек абсолюттік сілтемелерді басқа парақтарға пайдалану кезінде ғана
  7. 7) Excel бағдарламасындағы СРЗНАЧ функциясы нені анықтайды?

    • A) Ең қысқа мәтінді іздестіруді
    • B) Ұяшықтарды бөлудің орташа мәнін
    • C) Берілген ұяшықтар ауқымының орташа арифметикалық мәнін
    • D) Сандарды кемуі бойынша ретке келтіруді
  8. 8) Excel-де өрнек қандай таңбадан басталады?

    • A) +
    • B) Бос орын
    • C) Мәні жоқ
    • D) =
  9. 9) Excel құжатында өрнекті дұрыс жазу нұсқасын көрсетіңіз.

    • A) =A3:100
    • B) =50x100
    • C) =50$100
    • D) A3*B3
  10. 10) Excel бағдарламасында ҚОСЫНДЫ (SUM) функциясы не үшін қолданылады?

    • A) Көрсетілген сандардың квадраттарының қосындысын табу үшін
    • B) Көрсетілген сандардың қосындысын табу үшін
    • C) Көрсетілген сандардың квадратын табу үшін
    • D) Сандар қосындыларының айырмасын табу үшін
  11. 11) Excel бағдарламасында сұрыптаудың қандай түрлері бар?

    • A) Артуы бойынша сұрыптау; кемуі бойынша сұрыптау
    • B) Төмендеуі бойынша сұрыптау; кему реті бойынша сұрыптау
    • C) Көбейту бойынша сұрыптау; арттыру бойынша сұрыптау
    • D) Төмендеуі бойынша сұрыптау; жойылуы бойынша сұрыптау
  12. 12) Excel бағдарламасында деректерді сұрыптау дегеніміз не?

    • A) Деректерді сүзгіден өткізу
    • B) Деректерді кемуі бойынша ретке келтіру
    • C) Деректерді артуы бойынша ретке келтіру
    • D) Деректерді артуы немесе кемуі бойынша ретке келтіру
  13. 13) Excel бағдарламасында диаграмма не үшін қолданылады?

    • A) Сандық деректер мен өрнектерді енгізу үшін
    • B) Ақпаратты сызбалық түрде ұсыну үшін
    • C) Бағандарды сызбалық түрде кескіндеу үшін
    • D) Бағандарды немесе жолдарды құрастыру үшін
  14. 14) Excel бағдарламасында есептеу жүргізу үшін өрнекті қалай енгізу керек?

    • A) Ұяшықты таңдап, = таңбасын теріп, барлық амалдық таңбаларды қалдырмай өрнекті енгізу
    • B) Ұяшықты таңдап, өрнекті ғана жазу
    • C) Ұяшықты таңдап, = таңбасын теріп, амалдық таңбаларды қалдырып кетіп өрнекті жазу
    • D) Ұяшықты таңдап, жауапты бірден енгізу
  15. 15) Excel бағдарламасында ӨЗҚОСЫНДЫ (AutoSum) әмірі не үшін керек?

    • A) Бағандар немесе жолдарды сызбалық түрде құру үшін
    • B) Ұяшықтар қосындысын есептеу үшін
    • C) Ақпаратты сызбалық емес түрде ұсыну үшін
    • D) Ақпаратты сызбалық түрде ұсыну үшін

Сөзжұмбақ: «Графика»

Негізгі ұғымдарды бекітуге арналған қысқа тапсырма.

  • 1) Деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.

    Жауабы: диаграмма

  • 2) Бағандық диаграмманың басқа атауы.

    Жауабы: гистограмма

  • 3) Диаграмма типтерінің бір түрі.

    Жауабы: сақиналық

  • 4) Бұл жол белсенді ұяшықтың мәнін көрсетеді.

    Жауабы: формула жолы

  • 5) Диаграмма осі.

    Жауабы: вертикаль

  • 6) Excel қандай бағдарлама?

    Жауабы: кестелік

  • 7) Диаграмма элементтерінің бірі.

    Жауабы: аңыз

III. Зертханалық жұмыс

  1. Оқушыларды жеке компьютерлерге отырғызып, нұсқаулық кітапшаларды тарату.
  2. Жұмысты орындау тәртібі бойынша қысқаша нұсқау беру.
  3. Тапсырманы орындау: MS Excel бағдарламасында диаграмма тұрғызу. Кестеде берілген мәліметтер бойынша ұшақтың суретін шығару: функцияға сәйкес график (диаграмма) типін таңдап, диаграмма құру және кестені толтыру.

Автор және материалдар

Білім беру ұйымы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шымкент аграрлық колледжі.

Оқытушы

Информатика пәнінің оқытушысы: Баинбетова Ботагөз Рахманқұлқызы.

Жүктеу

Ескерту: Бұл бөлімдегі сілтемелер үлгі ретінде берілді. Нақты файл URL-дарын енгізіңіз.