Сөздер мен сөйлемдерді салыстыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Сөйлем
Сабақ типі
Жаңа білім беру
Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Әр топқа арналған тапсырмалар
- Тест сұрақтары
Мақсат-міндеттер
Білімдік
Сөйлемнің сөзден құралатынын және аяқталған, тиянақты ойды білдіретінін түсіндіру. Сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазуды және соңына тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету.
Дамытушылық
Өз ойын еркін, ашық жеткізуге, өзіндік жұмыс жасауға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және елін құрметтеуге баулу.
І. Қызығушылықты ояту
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
Көз не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қол не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек? — Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Туған жеріміз қай ел? — Қазақстан Республикасы.
Қазақстан қандай ел? — Байтақ, тәуелсіз, кең, егемен ел.
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Сабақ ұраны
“Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ”
Топқа бөлу
-
І топ
Білгірлер
-
ІІ топ
Тапқырлар
-
ІІІ топ
Алғырлар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Менің Отаным” тақырыбында жазылған шығармаларды оқыту, талдау және бағалау.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс
Тақырыпқа кіріспе сұрақ
Тәуелсіз еліміздің белгісі, символы ретінде нені көз алдымызға елестетеміз? Бүгінгі тапсырмалар арқылы біз сол символ туралы ойымызды нақтылаймыз. Ендеше сабақ тақырыбын ашайық.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Тілден ұшып, құлаққа қонады.
- Көреді бәрін, өзгенің көре алмайды өздерін.
- Оқиғаның себебін дәлелдейтін мәтін.
- 16 желтоқсан қандай мереке?
- Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін.
- Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.
Шыққан сөзді анықтап, бүгінгі сабақтың тақырыбын өздерің тұжырымдап көріңдер.
1-тапсырма: Сурет бойынша сөйлем құрастыру
Әр топқа сурет беріледі. Сол суретке сүйеніп сөйлем құрастырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
- Сөйлемдер бір-бірінен не арқылы ажыратылады?
- Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
Осы жауаптарға сүйеніп, қай топ ереже құрастырып береді?
IV. Жаңа сабақты бекіту
2-тапсырма: Сөз бен сөйлемді салыстыру
Үш топқа үш үлгі беріледі. Алдымен сөздерді оқып, кейін олардан сөйлем құрап, айырмашылығын анықтайды.
1-топ
Сөздер: кітап, күту, ұста
Сөйлем: Кітапты күтіп ұста.
2-топ
Сөздер: жаңбыр, дала, суық, жауды
Сөйлем: Далада суық жаңбыр жауып тұр.
3-топ
Сөздер: құлындады, бие, көк
Сөйлем: Көк бие құлындады.
Талқылау сұрақтары: Олардың айырмашылығы неде? Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұр?
3-тапсырма: Жазуды оқып көр
Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат жазылғанды бірден түсіне алмады. Айжанның мәтінін оқып көр:
Айжанның жазуын оқу неге қиын болды? Себебі ол сөйлем жазудың ережелерін сақтамаған: сөз арасы бөлінбеген, бас әріп пен тыныс белгілері қойылмаған.
Сергіту сәті
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.
Қимылмен көрсетіледі.
4-тапсырма: Өлеңді түсініп оқу
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап бер:
- Сен қай пәнді жақсы көресің?
- Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?
Өлең
Түртіп қалдым Майқанды,
Майқан маған қарайды.
— Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің? — деп сұрады.
— Білгендерге пән-мәтіннің
Барлығы да тәуір-ау! —
Деді Майқан.
— Ал менің сүйер “пәнім” — қоңырау!
5-тапсырма: Сөздерді орын-орнына қой
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз:
Берілген сөздер
- Бас, қаласы, Астана, елімнің.
- Көп, зәулім, Астанада, ғимараттар.
- Өзенінің, қала, Есіл, бойындағы.
- Мұражай, бар, Астанада.
- Мешіті, көрікті, Астананың.
- Орналасқан, Бәйтерек, Астанада.
Үлгі дұрыс нұсқа
- Астана — елімнің бас қаласы.
- Астанада көп зәулім ғимараттар бар.
- Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан.
- Астанада мұражай бар.
- Астананың көрікті мешіті бар.
- Астанада Бәйтерек орналасқан.
Нәтиже
Бүгін біз тапсырмаларды орындай отырып, біліміміздің арқасында еліміздің тәуелсіздігінің символы — “Тәуелсіздік монументін” құрастырғандай болдық. Тәуелсіздік күніне орай білімімізбен, тапқырлығымызбен және алғырлығымызбен өзімізше сыйлық жасадық.
Түйін:
“Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ”.
V. Қорытындылау
Рефлексия
- Бүгінгі сабақта саған не ұнады?
- Қандай тақырып өттік?
Алған білімді тест сұрақтары арқылы бекітеміз.
Тест сұрақтары
1) Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- А) Бас әріптен
- Ә) Кіші әріптен
2) Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
- А) Үтір, қос нүкте, сызықша
- Ә) Нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі
- Б) Жұлдызша, қосу, азайту
3) Сөйлем неден құралады?
- А) Буыннан
- Ә) Әріптен
- Б) Сөзден
4) Сөйлем дегеніміз —
- А) Тиянақты, аяқталған ойды білдіреді
- Ә) Аяқталмаған ойды білдіреді
- Б) Көңіл күйді білдіреді
Жауаптар жиналып, тексеріледі. Қорытындылау үшін слайдтар көрсетіліп, өлең оқылады.
Тәуелсіздік туралы өлең
Мерейім нұрлана бер, азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік өмір бауын.
Барлықтарыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Мереке баянды болсын!
VI. Үй тапсырмасы
4-жаттығу: Сөйлемдердің жігін ажыратып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.