Құрылыс орталығы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру · Құрастыру · Қоршаған орта (кіріктірілген оқу қызметі)

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты

  • Заттарды саны бойынша салыстыру.
  • Кеңістікте орналасуды меңгерту: оң жақта, сол жақта, ортасында.
  • Геометриялық пішіндер туралы білімді қайталау.

Дамытушылық міндеттер

  • Логикалық ойлауды дамыту.
  • 5 көлемінде тура және кері санау.
  • Геометриялық пішіндерден заттардың сұлбасын құрастыруға үйрету.

Ұйымдастыру

  • Белсенді орталықтар арқылы қызығушылықты арттыру.
  • Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
  • Технологиялар: АКТ, «Тәй-Тәй», ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, қалам, ноутбук, электронды оқулық, құрылыс материалдары, әр баланың жеке кітапшасы, ылғалды құм, тас және ойыншық көліктер.

Оқу қызметінің барысы

1) Ұйымдастыру және көңіл күй қалыптастыру

Тәрбиеші балалармен және келген қонақтармен сәлемдеседі, назарды сабаққа аударады. Балалармен бірге өлең жолдарын айтады:

Біз көңілді баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Қонақ келсе қуанып,
Алғыстарын аламыз.

Жыл мезгілі мен уақыт туралы сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілінде неше ай бар?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Кеше және ертең қай күндер болады?

Қызығушылықты ояту

Балаларға жұмбақтар ұсынылады, жауаптары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

2) Жұмбақтар арқылы тақырыпқа шығу

Жұмбақ 1

Төрт аяқты тағанды,
Тасиды ол адамды.
Жанармайды құйып ап,
Тез жүріп ол зулайды.

Жауабы: автокөлік

Жұмбақ 2

Мүйізінен ұстап ап,
Айдайды адам абайлап.
Қане, балалар, ойланып,
Табыңдаршы бұл қандай ат?

Жауабы: велосипед

Талқылау: автокөлікте 4 дөңгелек, велосипедте 2 дөңгелек бар. Екеуі де көліктер деп аталады.

3) Геометриялық пішіндермен жұмыс

Қайталау

Балалар негізгі пішіндерді атайды: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрыш.

Құрастыру тапсырмасы

Осы пішіндерден пойыз вагондарын құрастыру ұсынылады. Пойыз — көліктің бір түрі.

4) Дидактикалық ойын: «Адасқан сандар»

  • Сандарды ретімен орналастырып, тура және кері санайды.
  • Жануарлар қандай түсті пішінді вагондарда отырғанын анықтайды.
  • Сандардың көршілерін атайды.
  • Жануарлардың нешінші вагонда отырғанын айтады.

Қорытынды: балалар интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындайды және белсенді орталықтарға бөлінеді.

Белсенді орталықтардағы жұмыс

Үстел үсті ойын орталығы

Жұмыс түрі: жеке кітапшамен жұмыс.

Мақсаты: тапсырмалар арқылы логикалық ойлауды дамыту.

Тапсырмалар

  1. Көлікте қанша дөңгелек болса, сонша дөңгелекті боя.
  2. Жартылай салынған пішіндерді толықтыр.

Құрылыс орталығы

Тақырыбы: «Гараж».

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, көліктерге қауіпсіз гараж құрастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құм және су орталығы

Тақырыбы: «Жолдар».

Мақсаты: ылғалды құмды пайдаланып, ені әртүрлі (кең және тар) жолдар салу; тазалық пен ұқыптылыққа үйрету.

Сергіту сәті және ауысыммен жұмыс

Балалар орталықтар арасында ауысып жұмыс жасайды. Тапсырмалар аяқталған соң, құралдарды белгі бойынша жинап, қай орталықта не істегендерін қысқаша айтып шығады.

Логикалық есептер және қауіпсіздік ережелері

Ойлау арқылы есеп шығару

Есеп 1

2-ге 2-ні қосқанда 4 болады.

Есеп 2

Гаражда 5 машина болды. Оның 2-уі қызыл түсті, қалғаны жасыл. Жасыл машина қанша?

Кейін балалар өздері ұқсас есеп құрастырып көреді.

Жол қауіпсіздігі: «Жолда жүру ережесі»

Талқылау сұрағы: көшедегі көлік қозғалысын қай құрылғы реттейді?

Дұрыс жауап: бағдаршам.

Электронды оқулық арқылы «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы «Жолда жүру ережесі» ойыны ойнатылады.

Қорытынды және қоштасу

Тәрбиеші балалардың белсенділігін атап өтеді және оқу қызметіне қатысқандары үшін алғыс білдіреді. Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.

Тәрбиеші: Қайрова Индира Базарқызы

Қосымша материалдар: «Көліктер» жүктемесі және «Көліктер» слайдтары.