ҮІІ кезең

Қызылорда облысы · Қазалы ауданы · Әйтеке би кенті

№266 мектеп-лицейдің технология пәнінің мұғалімі: Ержанова Арай Аманбаевна

Бұл материал технология сабағында үйренген білімді көпшілікке таныстыруға, қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеуге және келешек ұрпаққа үйретуге арналған. Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтып, білім мен шеберлігін көрсетеді.

Мақсаты

  • Технология сабағында алған білімді көпшілік алдында көрсету.
  • Қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау және үйрету.
  • Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш арқылы тіл байлығын дамыту.
  • Тәртіпке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сайыс ережесі

Ортаға 7 оқушы шығады. Әр кезең аяқталған сайын ең аз ұпай жинаған бір оқушы сайыстан шығады.

Кезеңдер қысқаша

  • I кезең: 7 оқушы — жұмбақ шешу
  • II кезең: 6 оқушы — мақал-мәтелді жалғастыру
  • III кезең: 5 оқушы — сұрақтарға жауап
  • IV кезең: 4 оқушы — сөзжұмбақ шешу
  • V кезең: 3 оқушы — жаңылтпаш айту
  • VI кезең: 2 оқушы — ұлттық киім моделін сызу
  • VII кезең: 1 оқушы — финалдық сұрақтарға жауап

Құрметті қатысушылар, сіздерге сәттілік тілейміз!

I кезең — жұмбақтар

Төмендегі жұмбақтардың жауабын табыңыз.

1

Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.

Жауабы: мақта

2

Тұтқасыз таба — жай, ұнатады көп апай.

Жауабы: оймақ

3

Іні көп — ақ қазады, өзі жіптен қашады.

Жауабы: біз

4

Іші мақта, тысы мақта, арасы мақта. Төртбұрыш, жатуға табылған.

Жауабы: көрпе

5

Құрып қойып өрмегін, ұршықтарын ойнатып, сәнді мата өрнегін жасайтын кім?

Жауабы: тоқымашы

6

Қос таяқ, бастары дөңгелек, тұтасты жасайды бөлек-бөлек.

Жауабы: қайшы

7

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ, аузына тістегені темір таяқ. Бір ұрсаң шапалақпен семіреді, белбеуі бар белінде толып жатқан.

Жауабы: ұршық

8

Бар екен дүниеде жалғыз көзді, сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Жауабы: ине

9

Әлемде он сегіз мыңды киіндіріп, өзі дүниеден жап-жалаңаш безді.

Жауабы: ине

10

Қолымда бір құсым бар екі басты: аяғын басқан кезде нәрсе қашты, аузын аждаһадай ашқанда бөлектеп атып тастар ішкен асты.

Жауабы: қайшы

11

Адамға сонша пайдалы, басында сонша көзі бар.

Жауабы: оймақ

12

Кіруге адам батпайды, аман-есен сақтайды.

Жауабы: сандық

Әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошеметпен шығарып салады.

II кезең — мақал-мәтелді жалғастыру

Мақал-мәтелдердің ұйқасын тауып, жалғасын толықтырыңыз.

1

Еңбек — оның ішінде өнерлі — …

Жауабы: бақыт

2

Өнерлінің он саусағы …, өнерсіздің он саусағы …

Жауабы: тең; кем

3

Алтын … сабы да ағаш.

Жауабы: балтаның

4

Көрнекті ісің … болады, көрнексіз ісің … болады.

Жауабы: үлгі; күлкі

5

Алтын балта — … сәні, әшекей кесте — … сәні.

Жауабы: қол; тон

6

Өнерлінің … алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

Жауабы: қолы

7

Қыздың шебер боларын … білерсің.

Жауабы: бармағынан

8

Өнер тамған он саусақ — таусылмайтын …, өнері жоқ он саусақ — бар болмай-ақ …

Жауабы: ырысың; құрысын

9

Қол өнері …, сөз өнері …

Жауабы: кілемде; өлеңде

10

Киім пішсең кең піш — … оңай, темір кессең қысқа кес — … оңай.

Жауабы: тарылтуың; ұзартуың

11

Адам көркі — …, ағаш көркі — …

Жауабы: шүберек; жапырақ

12

Істі ине тікпейді, икемді … тігеді.

Жауабы: қол

Екінші кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған ойыншы қошеметпен шығарылады.

III кезең — сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңіз.

1. Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?

Жауабы: қымыз

2. Басы сан, ортасы адам мүшесі, аяғы астың дәмін келтіретін тағам атауы: бұл қай қала?

Жауабы: Екібастұз

3. Емдік қасиеті ертеден белгілі, барлық ауру қашады дейтін көкөніс.

Жауабы: пияз

4. Оңынан да, солынан да оқысаң өзгермейтін ұлттың атауы.

Жауабы: қазақ

5. Жесең — жеміс, қыздардың аты.

Жауабы: Алма

6. Жеті қазынаны ата.

Жауабы: ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, ұшқыр тазы, берен мылтық

7. «Жеті жоқ» туралы не білесің?

Жауабы: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ

8. Жеті атаны ата.

Жауабы: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата

9. Барқыт тектес матаның атауы: қыз балаға есім ретінде қойылады әрі «шаш» туралы әдемі теңеуде кездеседі.

Жауабы: мақпал (мақпал шаш)

10. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған…» деген сөздің авторы кім?

Жауабы: А. Құнанбаев

Үшінші кезеңнен кейін әділқазылар ұпайларды есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошеметпен шығарып салады.

IV кезең — сөзжұмбақ

Берілген анықтамаларға сәйкес жауаптарды табыңыз.

1. Үй төсенішін және киім-кешек тоқуға қолданылатын табиғи талшық.

Жауабы: жүн

2. Зергерлік бұйымды әсемдеу әдісі.

Жауабы: бедерлеу

3. Екі түсті жүннен жасалған төсеніш.

Жауабы: текемет

4. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім.

Жауабы: ішік

5. Ұлттық бас киім.

Жауабы: бөрік

6. Қолмен тігілетін тігіс түрі.

Жауабы: жөрмеу

7. Мата атауы.

Жауабы: қырмызы

8. Іс тігетін құрал.

Жауабы: ине

9. Сөздің көркі не?

Жауабы: мақал

10. Өсімдік тектес ою түрі.

Жауабы: ирек

11. Далада өсетін ақ ұлпа зат.

Жауабы: мақта

Төртінші кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған сайыскер қошеметпен ойыннан шығарылады.

V кезең — жаңылтпаш

Тез, анық және қателеспей айту — басты талап.

1

Майға нан бұлғар, жай бұлғағанша қол бұлғар.

2

Есет ет асатар, ет асатса — бес асатар.

3

Кенеден кенеп шығар, кенептен елек шығар. Електен кебек шығар, кебектен керек шығар.

4

Көп гүлдер түпсіз бе, түпті ме? Көп кілемдер түксіз бе, түкті ме?

5

Бұранданы бұрандалай алмады, бұрандалуға бұлар қарай алмады.

6

Ұлы таулар — ұлары көп, ұларалы тұрары көп.

Бесінші кезең бойынша ұпайлар есептеліп, ең аз ұпай жинаған ойыншы қошеметпен шығарылады.

VI кезең — ұлттық киім үлгісін сызу

Тапсырма

Ұлттық киім үлгісін салып, оның атауын, қолданылатын материалын, ою-өрнегін және қандай жағдайда киілетінін толық сипаттап түсіндіріңіз.

Бағалау өлшемдері

  • Сызбаның нақтылығы
  • Композиция және үйлесім
  • Түсіндірудің толықтығы
  • Ұлттық ерекшелікті сақтау

Алтыншы кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған ойыншы қошеметпен шығарылады. Келесі кезеңге өткендерге сәттілік!

VII кезең — финалдық сұрақтар

Жеңімпазды анықтайтын соңғы кезең.

1. Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас.

Жауабы: нан

2. Бір қарын майды не шірітеді?

Жауабы: құмалақ

3. Адамға есім ретінде қойылатын мата атауларын ата.

Жауабы: мақпал, жібек, қырмызы

4. Үй жиһаздарын жасауда жиі қолданылатын ою-өрнек.

Жауабы: қошқармүйіз

Марапаттау

VII кезең нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған ойынды оқушы сайысымыздың атына заты сай «КЕРЕМЕТ» атағына лайық деп танылып, құрметпен марапатталады.

Қорытынды сөз

Әділқазылар алқасының пікірі

Әділқазылар алқасы сайыс барысында қатысушылардың белсенділігіне, жауаптарының дәлдігіне, шығармашылық қабілетіне және ұлттық құндылықтарды танытуына баға береді.

Ұстаздардың қорытындысы

Ұстаздар оқушылардың ұйымшылдығын, тәртібін және технология пәні бойынша дағдыларын атап өтіп, алдағы оқу үдерісіне бағыт-бағдар береді.