Қазақтың ұлттық биі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға 12 сәуір — Бүкілдүниежүзілік ғарышкерлер және авиация күні туралы түсінік беру, білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік
Эстетикалық әсер беру арқылы өнерді сүюге, ұқыптылыққа баулу. Қазақтың ғарышкерлерін ұмытпай, есте сақтауға үйрету.
Дамытушылық
Қызықты ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықты ояту, таным мен сана-сезімді дамыту.
Көрнекіліктер
- Аспаптар, DVD, оқулық
- Шар (ойынға арналған)
Әдістер мен түрі
- Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап
- Ән айту, тыңдату, жаттықтыру
- Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өткенді қайталау
Шаттық шеңбері: ортаға жиналып, әркім өз есімін айтып, есімнің бас әрпінен басталатын бір сөз айтады.
Оқушыларға парақша таратылады. Парақшадағы суретке қарай топқа бөлінеді:
1-топ
Домбыра, ішекті аспаптар
2-топ
Жетіген, көп ішекті аспап
Бүгінгі сабақ 4 бекеттен тұрады:
1) Үй тапсырмасы бекеті
- «Шардағы білім көзі»
- «Сөзжұмбақтар кемесі»
2) Жаңа сабақ бекеті
- Ой тастау
- Музыка тыңдау
- Дауыс жаттықтыру
- Әндету
3) Тапсырмалар бекеті
Екі топқа ортақ және топтық шығармашылық тапсырмалар.
4) Сабақты бекіту бекеті
«Зымыран сұрақтар» арқылы қорытындылау.
Үй тапсырмасын тексеру: «Шардағы білім көзі»
Топты таңдау жеребе арқылы анықталады. Әр топтан бір оқушы шығып, үрленген шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Егер жауап бере алмаса, келесі сұрақты екінші топтың оқушысы жалғастырады. Барлық шарды жарып, сұрақтарға толық жауап берген топ жеңіске жетеді.
Сайыс сұрақтары
- 1) Би өнері дегеніміз не?
- 2) Қазақтың ұлттық би өнері нешеге жіктеледі? (Ұлттық би, аспаптық би музыкасы, ән-би музыкасы)
- 3) Ертедегі би түрлерін ата. (Қоян биі, Ұтыс, Бүркіт биі, Қаражорға, Қамажай, т.б.)
- 4) XIX ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иелері мен бишілерден кімдерді білесің? (Рақымберді, Зәрубай, Рақым Асылбекұлы)
- 5) «Ұтыс» би жарысы туралы не түсіндің? (Жарысып билеу)
Жалғасы
- 6) Қазақтың ұлттық би өнерін жаңа сатыға көтерген биші кім? (Шара Жиенқұлова)
- 7) Ұлттық би өнерінің өркендеуіне үлес қосқан өнер адамдарын ата.
- 8) «Аймақтар аламаны» телешоуында Атыраудан қатысқан биші кім?
- 9) Қазақ мемлекеттік ән-би ансамбльдерін ата. («Салтанат», «Гүлдер»)
- 10) Шара қандай қазақ операларында би көріністерін орындаған? («Жалбыр», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»)
«Сөзжұмбақтар кемесі»
Кеменің жанындағы жазуларда: «Сөзжұмбақтың шешімі арқылы бүгінгі жаңа тақырып ашылады» деп беріледі.
№1
- Қазақтың ұлттық биі.
- Дарынды өнер иесі Аюхановтың есімі.
- Қоян биін орындаған өнерлі жігіт.
- Жарыс биі қалай аталады?
- Жиенқұлованың есімі.
- Тоғыз түйенің үстінде секіріп билеген өнерлі жан.
- Ән-би ансамблін ата.
№2
- Нотаның бес сызығы орналасқаннан кейін не орналасады?
- Қаражорға, Ортеке билерін асқан шеберлікпен билеген кім?
- Домбыра, қобыз, адырна — бұларды қалай атаймыз?
- Сапарғалиқызының есімі (оралман биші).
- Нота.
Сөзжұмбақ ішінде жиі кездесетін негізгі атаулар: Қаражорға, Болат, Зәрубай, Ұтыс, Шара, Рақымберді, Салтанат, Соль, Рақым, Аспап, Шұғыла.
III. Жаңа сабақ
12 сәуір — Бүкілдүниежүзілік ғарышкерлер және авиация күні.
1957 жылы конструктор С. П. Королевтің басшылығымен жасалған тұңғыш жасанды Жер серігі ғарышқа ұшырылды.
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында ерекше жаңалық болды: тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшты.
Ғарыш кемесі — әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, жұмыс істейді және зерттеу жүргізеді.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев 1994 жылы ғарышқа ұшып барды.
Талғат Мұсабаев ғарыш сапары кезінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындағаны айтылады. Ол 1998 және 2001 жылдары да ғарышқа қайта сапар шегіп, зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Ғарыш жаңалықтары
Қазақстан телеарнасындағы «Ғарыш кеңістігінде» бағдарламасынан журналист Мәдидің жаңалығын тыңдау. (Видеокөрініс)
Музыка тыңдау
«Космонавт» — орыс тіліндегі балаларға арналған ән.
Дауыс жаттықтыру
«Бра – бре – бри, бро – бру, бру – бро, бри – бре – бра»
(до – ре – ми – фа – соль, соль – фа – ми – ре – до)
Әндету
«Космонавт боламыз» әні
Әні: С. Мұхамеджанов • Өлеңі: Ш. Мұхамеджанов
IV. Тапсырмалар бекеті
Бұл бекетте екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырманы топпен тез әрі дұрыс орындау қажет.
1) «Қызықты космос кемесі»
Ребустардың шешімін табу.
Шешуі: Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров.
2) «Суретшілер космос кемесі»
Әр топ берілген тақырыпқа сурет салып, ойын жеткізеді:
I топ
«Ғарыш кеңістігінде»
II топ
«Менің туған ауылым»
Сергіту сәті
«Қаражорға» биін видео арқылы бірге билеу.
V. Сабақты бекіту: «Зымыран сұрақтар»
«Иә/жоқ» форматына құрылған қысқа сұрақтар арқылы білім бекітіледі.
- 1) Ғарыш кемесі — әрі үй, әрі зертхана ма?
- 2) 1957 жылы наурыз айында С. П. Королевтің басшылығымен жасанды Жер серігі ғарышқа шығарылды ма?
- 3) 12 сәуір — Бүкілдүниежүзілік ғарышкерлер және авиация күні ме?
- 4) Тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұша алмады ма?
- 5) Ғарышта зерттеу жұмыстары жүргізілмей ме?
- 6) Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты ма?
- 7) Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет сапар шекті ме?
- 8) Талғат Мұсабаев ғарышта Абайдың әнін орындады ма?
VI. Қорытындылау
Бүгінгі сабақтан мен…
Не үйрендім?
Маған ұнағаны
Қай бөлік әсерлі болды?
Ұсыныс
Қандай қиындық болды? Қандай ұсынысың бар?
VII. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, белсенділігі және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
- Қазақ ғарышкерлерінің өмірі туралы мәнжазба жазып келу.
- Бүгін үйренген жаңа әннің сөзін жаттау.