Кеш жарық
Тәрбие сағаты туралы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Тенге ауылы, №11 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі — Сабытаева Бибігүл Сәрсеновна. 6 наурыз күні 5 «А» сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен бірге «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!!!» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.
Мақсаты
- Аналарымызды жылы сөздермен, өлеңдермен және әндер арқылы құттықтау; ұстаз-аналар мен аруларды төл мерекесімен дәріптеу.
- Оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
- Ата-ана мен ұстазға деген құрметті арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекіліктер
- Аналар туралы әсем суреттер
- Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер
- Плакаттар, слайдтар
- Әуе шарлары
Сабақтың өту форматы
Тәрбие сағатын үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткіздім. Себебі сыныбымдағы оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығы жоғары. Сонымен қатар, елімізде үш тіл білуді қолдау идеясы аясында бұл форматты орынды деп санадық.
Жүргізушілер
- 1 Амандаулет Ерсай — қазақ тілінде
- 2 Тұрғали Нұрайлым — орыс тілінде
- 3 Арапбаева Нағима — ағылшын тілінде
Қазақ тіліндегі құттықтау
Амандаулет Ерсай: Сәлеметсіздер ме, ақ жаулықты аналар, аяулы ұстаздар және қымбатты оқушылар! Кеш жарық! Біздің 5 «А» сыныбымыздың аналар мен арулар мерекесіне арнап дайындаған «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі мерекелік кешімізді ашу үшін мектеп әдіскері Сатенова Сара апайға сөз береміз.
Мерекелік тілек
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні келді. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Ақ жаулықты аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының жылы ұйытқысы.
Құрметті асыл аналар, аяулы ұстаздар, ару қыздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әрдайым көктемдей құлпырып жүріңіздер! Балаларыңыздың биігін көріп, қуанышына кенеле беріңіздер!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген — тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Поздравление на русском языке
Тұрғали Нұрайлым: Здравствуйте, самые милые и прекрасные наши мамы, учителя и красивые девочки! От всей души поздравляем вас с первым весенним праздником — 8 Марта! Желаем вам счастья, крепкого здоровья, успехов в работе и в жизни.
Пусть будет в этот день весенний
У вас отличным настроенье.
Пусть будет множество цветов,
Улыбок, добрых, нежных слов!
Здравствуйте, любимые — всем нам необходимые!
Педагоги классные — женщины прекрасные!
Пускай зима полна азарта,
Весна пришла сегодня к нам.
Сегодня день 8 Марта —
Любимых, милых наших дам!
Greeting in English
Arapbayeva Naghima: Good evening, our best mothers, teachers, and beautiful girls! We are very happy to meet you. Today is a special holiday in our country — International Women’s Day.
Dear mothers, teachers, and girls, congratulations on the 8th of March. We wish you a long life, happiness, and success in your work and studies. We love this holiday because it comes with spring. Our mothers are like spring flowers — bright and beautiful.
A short poem
My dear, dear mummy, I love you very much.
I want you to be happy on the 8th of March.
Be happy, be happy on the 8th of March.
Be happy, be happy on the 8th of March.