Алманың түсі

Интеллектуалды ойын сценарийі

Жер үстінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.

Мұғалімнің кіріспе өлеңі

Армысыздар, ата-аналар мен ұстаздар! Армысыздар, болашақтың бастауында тұрған балғын балалар! Бүгін сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынды тамашалайсыздар.

Келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!

Қатысушылар

  • Оқушы
    Кеңес Диас
  • Оқушы

Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең-жырмен, жұмбақпен, мақал-мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артқанын, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

1-бөлім: Бәйге

20 сұрақ 10 балл

Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 балл беріледі.

1) Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

Жауабы: 42 әріп

2) Ең кіші бір таңбалы сан?

Жауабы: 1

3) Сұйық зат?

Жауабы: су

4) «Қ» қандай дауыссыз дыбыс?

Жауабы: қатаң дауыссыз

5) Ешкінің төлі қалай аталады?

Жауабы: лақ

6) Бір сағатта неше минут бар?

Жауабы: 60 минут

7) Тудың түсі?

Жауабы: көгілдір

8) Қар қай мезгілде түседі?

Жауабы: қыста

9) Қазақстан Республикасының президенті?

Жауабы: Н. Назарбаев

10) Сиырдың төлі?

Жауабы: бұзау

11) Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты?

Жауабы: топырақ

12) Қой маңырайды, ал сиыр…

Жауабы: мөңірейді

13) «Балалар» сөзіне қандай сұрақ қойылады?

Жауабы: кімдер?

14) Жемістер қай мезгілде піседі?

Жауабы: күзде

15) Қазақстан Республикасының астанасы?

Жауабы: Астана

16) Екі өркешті жануар?

Жауабы: түйе

17) Әліпбидің ең бірінші әрпі?

Жауабы: А

18) Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді?

Жауабы: жасыл

19) Бүгін аптаның қай күні?

Жауабы: жұма

20) «О» дыбысы қандай дыбыс?

Жауабы: дауысты, жуан

Ескерту: ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

2-бөлім: Тіл өнері

14 сұрақ 10 ұпай

Бұл турда оқушылар 14 сұраққа жауап беріп, дұрыс жауапты үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) аудармасымен айтады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қосылады.

1) Қолымда 4 алма, табақта 4 алма. Барлығын қосқанда неше алма?

Жауабы: бес — пять — five

2) Әкеңнің анасы саған кім болады?

Жауабы: әже — бабушка — grandmother

3) Сылдыр сұйық, су емес. Ішсең шөлің қанады. Ақ болса да, қар емес. Бұл не?

Жауабы: сүт — молоко — milk

4) Аң патшасы?

Жауабы: арыстан — лев — lion

5) «Тон» сөзінен «Т» әрпін алып тастасақ, қандай сөз қалады?

Жауабы: он — десять — ten

6) Бетін адам ашады, білім нұрын шашады. Бұл не?

Жауабы: кітап — книга — book

7) Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы. Бұл не?

Жауабы: мектеп — школа — school

8) Алуан түрлі із салғанмен, өзінен де пайдалысы — өзегі. Бұл не?

Жауабы: қарындаш — карандаш — pencil

9) Тіл ұшында уы бар. Ол не?

Жауабы: жылан — змея — snake

10) Тәтті жеміс?

Жауабы: алма — яблоко — apple

11) Он асықтың үшеуін досың сұрап алды. Өз қолыңда нешеуі қалды?

Жауабы: жеті — семь — seven

12) «Бала, бала, бала…» деп түнде шошып оянған, бесік таянған бұл кім?

Жауабы: ана — мама — mother

13) Алманың түсі?

Жауабы: қызыл — красный — red

Ескерту: ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

3-бөлім: Ғажайып төрттік

30 / 40 / 50 ұпай Пәндер бойынша

Бұл турда қатысушылар ұпай санын (30, 40, 50) таңдап, әр пәннен сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа таңдалған ұпай саны беріледі.

Қазақ тілі

  • 30 ұпай: Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстары қай түрге жатады?

    Нұсқалар: A) қатаң • B) ұяң • C) үнді

  • 40 ұпай: Тасымалданбайтын сөзді тап.

    Нұсқалар: A) асық • B) шағала • C) жылқы

  • 50 ұпай: «У» дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап.

    Нұсқалар: A) ауа • B) уақыт • C) көшу

Әдебиеттік оқу

  • 30 ұпай: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?

    Нұсқалар: A) А. Байтұрсынұлы • B) Ы. Алтынсарин • C) А. Құнанбайұлы

  • 40 ұпай: Ахмет Байтұрсынұлының «Балықшы мен балық» шығармасы қай жанрға жатады?

    Нұсқалар: A) аңыз • B) өтірік өлең • C) ертегі

  • 50 ұпай: Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?

    Нұсқалар: A) жұмбақ • B) жаңылтпаш • C) мақал

Математика

  • 30 ұпай: 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?

    Нұсқалар: A) 10 см • B) 1 см • C) 100 см

  • 40 ұпай: 8 − x = 6 — бұл қандай өрнек?

    Нұсқалар: A) әріпті өрнек • B) санды өрнек • C) теңдеу

  • 50 ұпай: 1 метрде неше сантиметр (см) бар?

    Нұсқалар: A) 10 см • B) 1 см • C) 100 см

Дүниетану

  • 30 ұпай: Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?

    Нұсқалар: A) 3 • B) 5 • C) 4

  • 40 ұпай: Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?

    Нұсқалар: A) тамыр • B) сабақ • C) жапырақ

  • 50 ұпай: Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

    Нұсқалар: A) сағат • B) құбылнама • C) план

Ескерту: ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

4-бөлім: Тапқырлық

1 минут Сөз құрау

Қатысушыларға бір сөз беріледі. Сол сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрастыру қажет. Уақыт — 1 минут.

Берілетін сөз

Қ А З А Қ С Т А Н

Мысал сөздер

қаз ақ қазақ ас ат ана зат нақ сақ сақа тана сана қас қан тас

Ескерту: ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

5-бөлім: Жорға

1 минут Әр жауап: 10 балл

Бұл турда ең көп ұпай жинаған екі оқушыға жеке-жеке 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 балл беріледі.

1-оқушыға арналған сұрақтар

  1. 35 санында неше ондық бар? (Жауабы: 3 ондық)
  2. «Қарға» сөзінде неше буын бар? (Жауабы: 2 буын, қар-ға)
  3. 10 + 8 өрнегінің мәні неше? (Жауабы: 18)
  4. Суда еритін заттар? (Жауабы: қант пен тұз)
  5. «Тау» сөзіндегі «у» дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Жауабы: дауыссыз)
  6. 5 ондық, 9 бірлік неше? (Жауабы: 59)
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Жауабы: қазақ тілі)
  8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Жауабы: қатты күйі)
  9. «Қа…бақ» сөзіндегі көп нүктенің орнына қандай әріп қойылады? (Жауабы: ң)
  10. Бұл қандай бұрыш? (Жауабы: тік бұрыш)

2-оқушыға арналған сұрақтар

  1. 45 санында неше ондық бар? (Жауабы: 4)
  2. «Домбыра» сөзінде неше буын бар? (Жауабы: 3 буын, дом-бы-ра)
  3. 30 + 8 өрнегінің мәні неше? (Жауабы: 38)
  4. Суда ерімейтін заттар? (Жауабы: құм мен саз)
  5. «Ту» сөзіндегі «у» дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Жауабы: дауыссыз)
  6. 7 ондық, 8 бірлік неше? (Жауабы: 78)
  7. Топырақтың ең басты қасиеті қандай? (Жауабы: құнарлылығы)
  8. «Кіта…» сөзіндегі көп нүктенің орнына қандай әріп қойылады? (Жауабы: п)
  9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Жауабы: Тоқтар Әубәкіров)
  10. Бұл қандай бұрыш? (Жауабы: сүйір бұрыш)

Марапаттау

Мұғалім қорытынды жасап, «Сынып үздігін» марапаттайды.

Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды.
Бұлар — бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп, толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар.

Қорытынды тілек

Сайысқа қатысқан оқушыларға сәттілік, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!