Қане кім айтады ата деген кім өзі

Тәрбие сағаты туралы

Тақырыбы

Сүйікті әжелер мен аталар

Көрнекілігі

  • Тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат
  • Суреттер
  • Үнтаспа
  • Кітаптар

Мақсаты

  • 1 Оқушыларды ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
  • 2 Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттерді: мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, кішіпейілділікті дамыту.
  • 3 Қариялар туралы, олардың қалдыратын баталы сөздері мен өнегелі істері жөнінде мағлұмат беру.
  • 4 Халықтың салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Бастау

— Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті ата-әжелер!

— Қане, бәріміз қолымызды жүрек тұсына қойып, тып-тыныш тұрып Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдайық.

ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау

II. Негізгі бөлім

Мазмұн

Жүз дейміз — ау! Сөз болып па со-дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма? Қария — ол қартаймас,
Жас жүрек пен дана бастың одағы.

Жерлес ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, қариялар әрдайым жүрегімізде.

Құрметтің мәні

Біз үлкендерді ұлғайған жасы үшін ғана емес, көпті көрген даналығы үшін құрметтеуіміз керек.

1 қазан — Қарттар күні

Осы мерекемен асыл жанды әжелеріміз бен аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдардың ақылын тыңдап, қолдау көрсету — бәріміздің міндетіміз.

Сұрақ-жауап

Ата деген кім?
Әкеміздің әкесі немесе анамыздың әкесі.
Әже деген кім?
Әкеміздің анасы немесе анамыздың анасы.

Оқушылардың тақпақтары

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мерекеңді құттықтаймын.

Ана — бұлақ,
Бала — жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.

Көп жасаған қария —
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі — соқпақ, сөзі — нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

Атам менің әрқашан:
«Әдепті жан бол» — деген.
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Ата-анаңды құрметтесең,
Сен де жақсылық, игілік көресің.
Атаңа не қылсаң — алдыңа сол келер.
Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.
Әке — асқар тау.

Ән: «Ақ әжем»

Дайындық тобының ұлдарының орындауында.

Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, дана әжем?
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
(Қайырмасы 2 рет)

Тәрбиелік ой

Үйінде қартайған ата-анасы, ата-әжесі бар адамға Алла тағала құрметті қонақ жібергендей. Үй иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қарт ата-ана — отбасының құты.

Қарт кісіні құт-береке деп тану — ұрпақтың көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрдайым бақытты.

Мақал-мәтелдер

  1. Үлкенге үнемі сәлем бер.
  2. Үлкенге қарсы шықпа.
  3. Үлкеннің батасын қабыл ал.
  4. Үлкен кісіні ренжітпе.
  5. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең.
  6. Кәрі — кәрінің сөзі дәрі.
  7. Ақылды қария — ағып жатқан дария.
  8. Өткен мен кеткенді көп жасаған қарт білер.

Талқылау

«Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» — бұл сөздерді қалай түсінеміз?

Құрмет, ізет, мейірімділік — адамның ішкі мәдениеті. Дүние кезек: адам мәңгі жас болып қалмайды. Бүгін ата-анаңды сыйласаң, ертең балаларың да сені аялап, қадірлеп күтеді.

Құттықтау сөзі және сыйлықтар

(Оқушылар барлығы бірге айтып, қолдан жасаған сыйлықтарын табыс етеді.)

Құттықтаймыз мерекеңмен, аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Ана мейірі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар, аталар мен аналар!

III. Қорытынды бөлім

Бата туралы сұрақтар

  • — Бата деген не?
  • — Батаны кім береді?
  • — «Үлкеннен бата алуға асық!» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Бата

Осы жерде отырған жасы үлкен атамыз болашақ азаматтарымызға бата береді.

Сабағыңды оқы — беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйіңнің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Үлкендердің сенімін ақта,
Мекенің түлесін, көркейе берсін!

Қорытынды ой

Қарияларды тек Қарттар күні ғана еске алмайық — олар әрдайым жадымызда болсын. Ата-ананы ардақтайық, құрметтейік.

Өзгерген не? Адам ба? Әлде заман ба?
Ата-анаға деген парыз қалмаған ба адамда?
Ей, адамдар! Құрметтеңдер үлкенді —
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!

Келіп қатысқандарыңызға көп рақмет. Келесі жүздескенше сау-саламат болайық!