Сиқырлы күз

Сиқырлы күз

Мақсаты: балалардың күз туралы дүниетанымын кеңейту, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күздің ерекшеліктері мен сыйын ұғындырып, мерекелік көңіл күй сыйлау.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар мен балалар! Ел ырысын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Сиқырлы күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім не біледі?

Балалардың жауабы: күздің белгілері

  • Күзде табиғат ерекше күйге енеді: жапырақтар сары, қызыл түске боялады, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш реңк алады.

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, ауа райы салқындайды.

  • Жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады.

  • Күз мезгілінің үш айы бар: қыркүйек, қазан, қараша. Күз — жылдың берекелі мезгілі.

Күз айларының таныстырылымы

Тәрбиеші: Олай болса, күз айларын ортаға шақырайық.

Қыркүйек — Мира

Бір-біріне жер-аспан
Мейіріммен қарасқан.
Ұстаз бен шәкірт жүздескен,
«Қош келіпсің, күз!» дескен.

Қазан — Жанболат

Қазан айы келіпті,
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп,
Думандатып әндетіп.

Қараша — Жомарт

Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Қараша — ауыл даламыз,
Қысқа дайын боламыз.

Күз туралы тақпақтар

Наргиза

Қ. Баянбаев — «Самал қозғап қалғанда»

Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен.

Бағлан

Бұтағындай емініп,
Күзде жеміс піседі.
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ-топ түседі.

Мөлдір

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Мағжан

Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

С. Қолғанат

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Көрініс: күзгі жел мен Күз ханшайымы

Тәрбиеші: Балалар, жаңа тақпақта айтылғандай, күзгі суық жел басталды. Желдің лебі бізге де жеткен секілді. (жел гуілі естіледі)

Балалар орындарынан тұрып, қолдарындағы жапырақтарды жерге шашады. Музыка әуенімен Күз ханшайымы келеді.

Тәрбиеші

Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Өзіңізбен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Біз өте қуаныштымыз.

Күз ханшайымы

Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелерің құтты болсын!

Диалог

Тәрбиеші: Қолдағы сыйлықтарыңызды балаларға үлестірсек бола ма?
Күз ханшайымы: Бұл сыйды балалар еңбектеніп алуы керек.

Тәрбиеші: Ендеше, балалар, Күз ханшайымына арнап «Күз жомарт» әнін орындайық. Ән: «Күз жомарт».

Неліктен «Алтын күз» және «Жомарт күз» дейміз?

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: Неге күзді «Алтын күз» дейміз? Неге «Жомарт күз» дейміз?

Жауап: Өйткені күзде жеміс-жидек, көкөніс, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондықтан күзді «алтын» әрі «жомарт» мезгіл дейміз.

Астық дақылдары сахнада

Тәрбиеші: «Мереке басы — ән болар, береке басы — дән болар», — дейді халқымыз. Ендеше, ортаға астық дақылдарын шақырайық.

Бидай — Ілияс

Нан атасы — бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.

Тары — Н. Қолғанат

Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.

Күріш — Айбар

Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.

Сұлы — С. Ақерке

Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.

Жұмбақтар: күздің тәтті сыйы

Жұмбақ 1

Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін —
Оның аты жүзім.

Жұмбақ 2

Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп —
Оның аты өрік.

Жұмбақ 3

Жапырақты тасалап,
Өсетін жері — бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай —
Оның аты құлпынай.

Жұмбақ 4

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша —
Оның аты шие.

Жұмбақ 5

Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі —
Оның аты шабдалы.

Жеміс-жидектердің тақпақтары

Күз ханшайымына арнап жеміс-жидектер де тақпақ айтқысы келеді.

Жансая

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін
Жесең, тойып қалатын.

Нұрланбек

Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Балың да оған жетпейді.

Мөлдір

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.