Шығыс нұрын құйып алып бойыма

21 наурыз 2012 жылы қызымыз Әлия Сакенғалиқызы мен күйуеу баламыз Мараттың тойын құдалар ауылы Тараз қаласының Жерұйық мейрамханасында өткізіп, келесі 22 наурыз күні Луговой стансасына құдалыққа шақырғанда қазақтың салт - дәстүрі бойынша құдаларға арнап оқыған жыр сияпатым.
ҚҰДА - ҚҰРМЕТ.
(арнау)
Бабалар салтын сақтай жүріп ойыма,
Шығыс нұрын құйып алып бойыма.
Игіліктің ізгі жолы алға тартып,
Келіп қалдық құдалықтың тойына.

Келдік алыс кенді Алтай баурайынан,
Тарбағатай, Шыңғыс тауы қойнауынан.
Көшпенді жұрт таңнан таңға жыр ететін,
Құтты қоныс Ақ Ертіс жайлауынан.

Жыр атасы Жамбылдың елін көрдік,
Құрметпенен төріне сәлем бердік.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың,
Рухы атынан жыр арнауын ала келдік.

Керей хан, Әз Жәнібек неткен зерек,
Болашақты алдын ала білсе керек.
Алаштың киелі бесігі, Ақ Ордасы,
Талас бойы екені даусыз дерек.

Қазақ жері кең сахара, өлкесі бай,
Талас, Ертіс өзендері қос бұрымдай.
Шежірелі тарихы араласқан,
Бір саулықтың егіз туған қозысындай.

Аты аңызға айналған Қарахан, Айша бибі,
Үлгі етер ғашықтықтың өшпес ңұры.
Біздің елде Қозы Көрпеш, Баян сұлу,
Махабаттың символдық мәңгі жыры.

Шежіре оқып ақтарып қарасаңыз
Қаракерей Қабанбай арғы атамыз.
Шапырашты Бәйдібек биден тараған,
Орта жүзден жиен жұртқа біз жатамыз.

Пайғамбардан бізге қалған ізі мәшһүр,
Қыз ұзату, құда болу ата дәстүр,
Байыс бабам Бәйдібек бимен құда болып,
Шоң заманнан тартылған алтын көпір.

Көк Тәңірім қолдасын істі оңды,
Құдалардың сыйын көріп көңіл толды.
Қыз өсірген аға - жеңгем толқығанмен,
Алла қолдап бір баламыз екеу болды.

Құтты орнына қондырдық қызымызды,
Бесік көрген инабатты құндызды.
Жас отаудың босағасы берік болып,
таңы болып шуақты,
көгі болсын жұлдызды.

Марат балам ақиық жас сұңқардай,
Бапкер сезер тұяғын хас тұлпардың.
Нефертити арудайын Әлиямыз,
Жазуы ғой тәңір қосқан жан сыңары.

Тәубе деймін әр күнде жаратқанға,
Әрбір пенде қол созар армандарға.
Құдалардың ауылын жиі көріп,
Төс қағысып сыйлассам арман бар ма.

Сізде, бізде отауға бақ тілейік,
Тағдыр жазған қызықты бір көрейік.
Сыйластықтан алла бізді айырмасын,
Мың жылдық құда болуды серттесейік.

Ізгі ниетпен Тілекқали



Ұқсас жұмыстар

АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Адамтану баспалдақтары
Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері
Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету
«Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин»
Білімдіден шыққан сөз
Ыбырай Алтынсарин жайлы
Адамның психологиялық портреті
Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны
Атамекен
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
Валюталық жүйе және валюта бағамының қалыптасуы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда педагогика
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді