Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу Өлеңнің авторы

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Матниязова Айнур Талгатовна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырып

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Қыс» өлеңі

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығы, табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру.
  • «Қыс» өлеңінің мазмұнын меңгерту.
  • Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.
  • Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Білім көкжиегін кеңейтуге жетелеу.

Тәрбиелік

  • Әдебиетке сүйіспеншілікті ояту.
  • Туған табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Сатылай кешенді талдау Венн диаграммасы Топпен жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Өзен» өлеңі

Өлеңді жатқа айту және мазмұнын талдауды тексеру.

Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша шолу (сұрақтар)

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?
  2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  3. Тәрбиешісі Балқожа өз заманында қандай қызмет атқарған?
  4. Ыбырайдың білімге қызығушылығы қай кезеңнен басталды?
  5. Мектеп ашуына қандай жағдайлар себеп болды?
  6. Алғашқы қазақ мектебі қай жылы, қай қалада ашылды?
  7. Ең алғашқы оқулығы қалай аталды және қандай бөлімдерден тұрды?
  8. Оқулықтың алғашқы беті Ыбырайдың қай өлеңімен басталады?
  9. Жаңадан ашқан мектептері қай қалаларда болды?
  10. Ыбырайдың өлеңдері, төл әңгімелері, аудармалары туралы не білесің?
  11. Өмірінің соңына дейін қай салада, қандай қызметте еңбек етті? Қай жылы дүниеден өтті?

III. Жаңа сабақ

Кіріспе ой

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абайға қысқаша шолу

Абай Құнанбаев 1845 жылы тамыз айында Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Негізгі түйін

Абайдың төрт мезгілге арналған өлеңдері орыс поэзиясын терең оқып, үлгі тұтқан кезеңінде жазылған.

Табиғат және адам

Табиғат — адам баласының өмір сүретін ортасы. Сондықтан табиғатты жырлау арқылы ақын адам болмысына, тіршілік ырғағына, мінез бен көңіл күйге де тереңдейді.

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы үсікірік, аяз бен қар,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау

Автор

Абай Құнанбаев

Тақырып

Қыс

Жанр

Өлең

Мағыналық мәні

  • Негізгі ұғым: мезгіл (қыс).
  • Туынды ұғым: іс-әрекет, қимыл арқылы көрініс беру.

Көркемдік тәсіл

Кейіптеу

Кейіптеу — жансыз затқа не құбылысқа жан бітіре суреттеу.

Құрылымы

  • 6 шумақ
  • 5 шумақ — 4 тармақ, соңғысы — 2 тармақ

Өлшемі

  • 3 бунақ
  • 11 буын

Ұйқас

  • 1-шумақ — қара өлең ұйқасы
  • Қалған шумақтар — аралас ұйқас

Ойтолғау: «Қыс сипаты»

Оқушылар қыс мезгілінің ерекшеліктерін өлеңдегі бейнелеу құралдарымен байланыстыра отырып ой қорытады: табиғаттың мінезі, кейіптелген образ, дыбыс пен қозғалыс арқылы берілген сурет.

Бағдар сұрақтар

  • Қыс қандай кейіпте суреттелген?
  • Ақын қандай детальдар арқылы суықтың ызғарын сездіреді?
  • Өлеңдегі дыбыс әсері (сықыр) нені күшейтеді?

Венн диаграммасы: қыс пен жазды салыстыру

Қыс пен жаз мезгілін ортақ белгілері мен айырмашылықтары арқылы салыстырып, антонимдік жұптармен жұмыс жасалады.

Қыс

  • суық
  • аяз
  • қар

Ортақ

  • табиғат құбылысы
  • адам тіршілігіне әсер етеді
  • көңіл күйді бейнелейді

Жаз

  • жылы
  • жайма-шуақ
  • жаңбыр/самал

Антонимдік жұптар

суық — жылы қыс — жаз аяз — аптап қар — гүл