Отбасында барлығы неше бала

«Дарабоз» танымдық сайысының бағдарламасы

Мақсаты

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, математикалық қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Тез шешім қабылдау, өз білімін еркін көрсете білу дағдыларын ашу.
  • Іскерлікті, жауапкершілікті және өз бетінше еңбектену мәдениетін қалыптастыру.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Абай атамыз айтқандай, өмірдің өзі — сайыс, ойын. Бүгін мектебімізде математика пәнінен алғырлар күш сынасып, өздерінің білім деңгейін көрсетеді.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен сайысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қане, кім шығады сайысуға?

I тур — «Бәйге»

Бұл турда қатысушыларға жылдам сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

Сұрақтар

  1. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар.

    Жауабы: натурал сан

  2. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем?

    Жауабы: 59 минут

  3. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек?

    Жауабы: 5 баланың

  4. Ең кіші натурал сан.

    Жауабы: 1

  5. Ең кіші жай сан.

    Жауабы: 2

  6. 4 санының кубы.

    Жауабы: 64

  7. Ең кіші үш таңбалы сан.

    Жауабы: 100

  8. 11 санының квадраты.

    Жауабы: 121

  9. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелде неше стақан қалды?

    Жауабы: 5

  10. Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы сандарды ата.

    Жауабы: 11, 20

  11. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Тура ортасында тұру үшін нешінші басқышқа тұру керек?

    Жауабы: 8

  12. Бір тоннада неше килограмм бар?

    Жауабы: 1000 кг

  13. Киттің массасы 250 000 кг. Ол неше тонна?

    Жауабы: 250 тонна

  14. Барыс бір секіргенде 288 см секіреді. Бұл неше метр, неше дециметр, неше сантиметр?

    Жауабы: 2 м 8 дм 8 см

  15. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі екіге бөлінген. Үстелде неше алма жатыр?

    Жауабы: 4

Тур соңында ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

II тур — «Формула сөйлейді»

Жүргізуші формуланы айтады. Қатысушы сол формула арқылы нені табуға болатынын түсіндіреді. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

S = a · b

Тік төртбұрыштың ауданы

S = a²

Шаршының ауданы

P = 4a

Шаршының периметрі

V = abc

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі

S = πR²

Шеңбердің (дөңгелектің) ауданы

Тур соңында ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

III бөлім — «Ғажайып үштік»

Бұл бөлімде қатысушылар ұпайына қарай сұрақ таңдайды: 20, 30, 40. Осы бөлім аяқталған соң ұпайы ең аз 4 оқушымен қоштасамыз.

Сұрақтар (ұпаймен)

20 ұпай

  1. Отбасында 7 қыз бар, әр қыздың бір-бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?

    Жауабы: 8

  2. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді. Аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншауы қалды?

    Жауабы: 2 (қалғандары ұшып кетті)

  3. Қосарланып жегілген 3 ат бір сағатта 14 км жол жүреді. Осы уақыт ішінде бір ат қанша жол жүреді?

    Жауабы: 14 км

30 ұпай

  1. Үш түйеқұс «ұшып» келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі қалды?

    Жауабы: түйеқұс ұшпайды

  2. Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып, 30 санын өрнекте.

    Жауабы: 6·6 − 6

  3. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

    Жауабы: 10 және 100

40 ұпай

  1. Бүтін сан, бөлшек сан — барлығы да бар онда. Бұл қандай сан? Оң, теріс сан — бәрі осында.

    Жауабы: рационал сандар

  2. Санға қоссаң да, алсаң да — сол санның өзі шығады. Оған бөлуге болмайтынын математиктер ұғады. Көп адам бұл санға «шекесінен» қараған: сан осін қақ бөлуге жараған.

    Жауабы: нөл

  3. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеді. Әкесі шешесінен 5 сәбіз артық жеді. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеді. Шешесі неше сәбіз жеді?

    x + (x + 5) + 12 = 73

    2x = 56

    x = 28

    Жауабы: 28

IV бөлім — Викториналық сұрақтар

Ұпайына қарай сұрақтар беріледі. Бұл бөлім соңында ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

  1. 30 ұпай

    Логикалық тапсырма

    Тәрелкедегі 7 бауырсақты 7 балаға бір-бірден беріп, бір бауырсақ тәрелкеде қалатындай етіп қалай бөлуге болады?

    Жауабы: бір бала бауырсағымен бірге тәрелкені алады

  2. 40 ұпай

    Түсіндіру

    Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшты, ал сол жолмен қайтарда 80 мин ұшты. Себебін түсіндір.

    Жауабы: 1 сағ 20 мин = 80 мин

  3. 50 ұпай

    Комбинаторика

    Төрт дос мейрамханаға жиі барып, әрдайым бір үстелге отырады. Егер Жалғас әрқашан бір орынға отыратын болса, қалған достар неше түрлі тәсілмен отыра алады?

    Жауабы: 3

V тур — Жасырылған математик

Жауабы

Профессор Қанат Мақашұлы

Бүгінгі күні Қанат Мақашұлы ғарыштық сәулелердің атмосферамен әсерлесуі кезінде, аса қуатты найзағай туындағанда пайда болатын жаңа әрі күрделі процестерді зерттеумен шұғылданады.

Соңғы бөлім — «Тапқырлық»

Біздің үйдегі қоңыраулы сағат әр жарты сағат сайын 1 рет, ал толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

Есептеу

(1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12) * 2 + 24 * 2 = 204

A

204

B

200

C

24

Дұрыс жауабы: A — 204

Қорытынды

Жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз кезегін берейік.

Көңіл бөліп бұл кешке келгендерге көп рақмет.
Шын ниетпен қолдаған көрерменге — мың рақмет!