Сабақ мақсаты. Сабақ түрі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мектеп
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Даулешова Ақнұр Баяновна.
Тақырып
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінен үзінді ( «Өмір мектебі» шығармасынан).
Сабақ түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ–жауап, мадақтау.
Көрнекіліктер
Автор портреті, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта.
Сабақ мақсаттары
1) Білімдік
Жылқы туралы толық мағлұмат бере отырып, оны дұрыс бағып-баптаудың маңызын түсіндіру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын, байқағыштығын және шапшаңдығын дамыту.
3) Тәрбиелік
Зейінділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа назар аудартады және сыныптың дайындығын тексереді.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: «Ара мен шыбын» (мысал). Оқушылар рөлдерге бөлініп оқиды.
Талқылау сұрақтары
- Мысал кейіпкерлері кімдер?
- Шығарманың жанры қандай?
- Мысал қандай ой айтады?
- Ара мен шыбын не себепті келісе алмады?
- Қонақ күтуге шыбындар дайын болды ма?
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі тақырып — төрт түліктің бірі: жылқы. Мәтіннің авторы — Сәбит Мұқанов. Оқушылар бұл жазушымен 3-сыныптан бері таныс.
С. Мұқанов туралы
Сәбит Мұқанов (1900–1973) — қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан ауыз әдебиетіне қанығып, өлең-жырды жатқа айтып өскен. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз санаған.
Оқылған шығармалар және келесі қадам
3-сыныпта «Көкшенің көрінісі», «Шыбынсыз жаз» сияқты мәтіндермен танысты. Жоғары сыныптарда «Ана тілі» пәнінің орнына «Әдебиет» оқытылады, сол кезде автордың «Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ» сияқты шығармаларын тереңірек оқиды.
4) Жылқы туралы бастапқы сұрақтар
- Жылқы туралы не білесіңдер?
- Жылқы бағатын адамды қалай атаймыз?
- Жылқының жасына қарай аталуын білесіңдер ме?
Жасына қарай атаулары
- 1. Құлын
- 2. Жабағы
- 3. Тай
- 4. Дөнен
- 5. Құнан
- 6. Бесті
- 7. Ат
5) Оқулықпен жұмыс
Оқушылар мәтінді бөліп-бөліп оқиды. Мұғалім негізгі ойды жинақтап, мағыналық тұстарын түсіндіреді.
6) Мұғалімнің түсіндіруі: жылқының ерекшелігі
Аналық мейірім
Жылқы — мал атаулының ішіндегі қайратты жануар. Биенің аналық мейірімі ерекше: тебіндегі қарды теуіп, алдымен құлын-тайына шөп ашып береді, олар тойған соң өзі оттайды.
«Қос» ұғымы
Қос тебіннің орта тұсына тігіледі — бұл жылқышының малды бақылауын жеңілдетеді. Қос — көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі мен жығуы жеңіл баспана: шағын шаңырақ орнатылып, айналасы қазыққа керілген киізбен қоршалады, үстіне түндік жабылады.
Еті мен сүті — шипа
Жылқы еті мен сүті — ем. Қыста қандай аяз болса да жылқы еті тез қатпайды. Қымыздың да емдік қасиеті бар екені айтылады.
Төзімділік және қорғаныс
Мәтінде жылқының шыбын-шіркейге төзімділігі, күтімсіз қалғанда да ерекшеліктері сөз болады. Сондай-ақ жылқы терісінің иісіне жылан жоламайтыны туралы түсінік беріледі.
Тазалықты сүйетін мал
Жылқы лайланған, сасыған суды ішпей, таза суды іздеп ішеді; шөптің асылын теріп жейді. Сондықтан оны қуатты, жүрдек жануар деп бағалайды.
Халық даналығы да осыны айқындайды: «Ер қанаты — ат» деген сөз тегін айтылмаған. «Ішсе — сүті, жесе — еті, мінсе — үсті» деп дәріптеу де жылқының қадірін білдіреді.
7) Дәстүрмен сабақтастыру
Мұғалім оқушыларды ата-бабамыздың тіршілігімен байланыстыра отырып, сұрақ қояды: бұрынғы қазақ халқы қандай шаруашылықпен айналысқан, төрт түлікті қалай баққан, төрт түліктің пірлері кімдер деп есептелген?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Негізгі ұғымдарды бекіту және қосымша мәліметті талдау.
8) Дәптермен жұмыс
Оқулықтан сөздікті тауып, жаңа сөздер мен тіркестерді дәптерге жазу.
9) Шығармашылық тапсырмалар
Талдау сұрақтары
- 1Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
- 2«Қос» дегеніміз не?
- 3Жылқы етінің қасиеті қандай?
- 4Жылқы терісі жөнінде не делінген?
Мәтінмен жұмыс
- 5Табиғат көрінісін беретін жолдарды тауып, мәнерлеп оқы.
- 6Жылқының аналық мейірімі сипатталған тұсты тауып оқы.
- 7Әңгімеден «Мақан» сөзі кездесетін жерін тауып оқы.
- 8Үлкендер «ботам», «құлыным», «қозым» деп еркелетудің мәнін түсіндір.
10) Бағалау
Оқушылардың мәтінді оқу мәнері, сұрақтарға жауап беруі және белсенділігі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
11) Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Мазмұндау (жоспар бойынша әңгімелеу).