Армысыздар құрметті қонақтар
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік
Музыка ойналады. Балалар қолдарына жалаушалар ұстап, залға кіреді.
Жүргізуші
Армысыздар, құрметті қонақтар! «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Амандасу (хормен)
Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос-жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Кіріспе өлең жолдары
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі —
Баға жетпес асыл ән.
Хор
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні — «Менің Қазақстаным!»
- Сөзін жазғандар
- Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Әнін жазған
- Ш. Қалдаяқов
Жүргізуші сөзі
Бүгін біз Тәуелсіз ел ретінде Отанымыздың жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі болуын, тарихымыздың жүйелі әрі тағылымды болуын ұлықтаймыз.
Біз тәуелсіздіктің арқасында ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты, халқымыз салауатты болуына жол ашатын мемлекетімізді мақтан етеміз.
Тәуелсіздік — біздің бас ұранымыз.
Көгілдір Туымыз — болашақ бақытымыз, нұрлы таңымыз.
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші
Балалар, Қазақстан қандай ел?
Балалар
Егеменді, тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер қалыптасты. Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Балалар
Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші
Елордамыз қалай аталады?
Балалар
Астана қаласы.
Тәрбиеші
Қазақ елін кім басқарады?
Балалар
Н. Назарбаев.
Тәрбиеші
Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Балалар
Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен және т.б.
Тақпақтар
Ту туралы
Туымыз көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.
Тәуелсіздік туралы
Мереке бүгін — ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Елтаңба туралы
Шаңырақтың шаттығы,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің,
Елдің тыныш тірлігі.