Сан есімдерді мағынасына қарай талда

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Орналасуы
Алматы облысы, Панфилов ауданы, С. Аманбайұлы атындағы орта мектеп
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Кокенова Жанылқан Иманғожаевна

Сабақ параметрлері

Тақырыбы
Топтау сан есімі
Әдісі
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Түрі
Қалыптан тыс сайыс сабақ
Типі
Жаңа сабақты түсіндіру
Формасы
Топпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс
Пәнаралық байланыс
Математика, орыс тілі, биология, география, әдебиет

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Топтау сан есімінің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру.

2) Дамытушылық

Сан есімдерді мағынасы мен құрамына қарай ажырата білу дағдыларын дамыту; сөзжұмбақтар мен ойын есептер арқылы ойлау қабілетін арттыру; дұрыс сөйлеу, сауатты жазу және интонация арқылы тыныс белгілерін орынды қоя білуге машықтандыру.

3) Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, мәдени қарым-қатынасқа, қоршаған ортаны қастерлеуге тәрбиелеу; халықтық педагогика үлгілерін есте сақтап, құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • «Топтау сан есімі» тақырыбындағы плакат
  • Тест карточкалары
  • Кеспе сөздер
  • Ойын түрлері
  • Сандар қатысқан сөйлемдер
  • Стикерлер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын және ұранын дайындайды.

«Сұңқар» тобы

Ұраны: «Бір елі ауызға екі елі қақпақ»

«Тұлпар» тобы

Ұраны: «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»

2) Ой шақыру

Оқушыларға арнайы сұрақтар қойылып, сан есімдердің қолданысы нақты өмірлік контексте талқыланады.

  • А)

    Мектеп кітапханасында қанша кітап бар? Оның нешеуі көркем әдебиет, нешеуі оқулық?

  • Ә)

    Мектебімізде қанша оқушы оқиды? Нешеуі қыз, нешеуі ұл?

  • Б)

    Мемлекетіміздің шекарасының ұзындығы қанша?

3) Өткен сабақты бекіту

а) Сан есім дегеніміз не?

ә) Құрамына қарай сан есімдер нешеге бөлінеді?

б) Төмендегі тіркестердің мағынасын анықтаңдар.

  • 1000-даған
  • 50-леп
  • XXI ғасыр
  • 40-қа таман
  • 2015 жылдың желтоқсаны
  • 10-ы сәрсенбі
  • алты-алтау

4) Жаңа сабақты түсіндіру

Тақтаға плакатқа жазылған сөйлемдер ілінеді. Оқушылар сөйлемдерден сан есімді тауып, оның мағынасына, құрамына және жасалу жолына талдау жасайды.

Мысал сөйлем 1

Жұмысшылар жиырмадан екі бригадаға бөлінді.

Мысал сөйлем 2

Сыныпта екі-екіден бөлінген үлкен терезе бар.

Талдау үлгісі: «жиырмадан» — дара сан есім; -дан шығыс септік жалғауы арқылы жасалған; сұрағы: нешеден?

«екі-екіден» — күрделі (қосарланған) сан есім; -ден шығыс септік жалғауы арқылы жасалған.

Ереже түйіні: Топтау сан есімі дара, қосарланған және тіркескен (күрделі) түрде кездеседі. Барлық түріне шығыс септігінің жалғаулары (-дан/-ден/-тан/-тен) жалғанады.

5) Жаттығулар орындау

Ойын: «Қанша қауын?» (жұмбақ есеп)

Самат қаппен арқалап,

Бес қауыннан тасыды.

Қабы болмай ал Талап,

Қос қауыннан тасыды.

Он рет сабылып,

Екеуі әбден шаршады.

Тасып алған қауынның барлығы қанша болды? Жауабы: 70

Талдау тапсырмасы

Екі топқа екі сөйлемнен беріледі. Сан есімдерді мағынасына қарай талдаңдар.

  1. Адам жүрегі бір минутта 70 рет, тәулігіне 1 000 000-нан аса соғады.
  2. Алып киттің тілінің өзі 4 тоннаға жуық, бауыры 1 тонна болады.
  3. Жер мен Күннің арақашықтығы 150 миллион километрдей.
  4. Жыр алыбы Жамбыл атамыздың туғанына 170 жыл толады.

Түрлендіру жұмысы

Есептік сан есімдерден сөзбен реттік, болжалдық, топтау сан есімдер жаса.

Берілгендер

жүз, елу, алпыс, тоқсан, мың

Үлгі

  • Реттік: жүзінші
  • Болжалдық: жүздеген, жүздей
  • Топтау: жүз-жүзден

148-жаттығу: берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдер жасап, «Топтасу түбі — ынтымақ» тақырыбында ой-пікір алмасыңдар.

Берілгендер: екі, төрт, алты, сегіз, он төрт, жиырма, қырық, елу, алпыс.

6) Ойын: 1-ден 9-ға дейін

Берілген анықтамаға сай сан есімі бар сөзді табыңдар.

1. Халық әні — бір бала

2. Мезгіл үстеу — екіталай

3. Геометриялық фигура — үшбұрыш

4. Математикалық амалдар — төрт амал

5. Мылтық — бесатар

6. Ұлттық ойын — алтыбақан

7. Жұлдыз — жетіқарақшы

8. Омыртқа сүйек — сегізкөз

9. Балалар ертегісі — тоғыз тоңқылдақ

Сайыс: сан есімі бар мақал-мәтелдер

  • Өтірік — екеу, шын — төртеу.
  • Темекі тартқан бір кісі — уланған бүкіл үй-іші.

7) Сабақты қорытындылау

Берілген сан есімдерді топтау сан есіміне айналдырып жазыңдар:

Берілгендер

он, алпыс, отыз екі, қырық, 20–30, екі

Үлгілер

  • он-оннан
  • алпыстан
  • отыз екіден
  • қырықтан
  • 20–30-дан
  • екіден

8) Білімді бағалау

  • Жеңімпаз топты анықтау
  • Оқушылардың бағаларын қою
  • Әр топ ұранының мағынасын түсіндіру

9) Үй тапсырмасы

150-жаттығу

Топтау сан есімдерін қатыстырып, «Қонақта» тақырыбында әңгіме құра.

Күн тәртібі бойынша сұрақтар

  1. Мектепке нешеде барасың?
  2. Неше сағат ұйықтайсың?
  3. Сабаққа нешеде дайындаласың?
  4. Таңертең нешеде тұрасың?
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}