Физикалық қасиеттері

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Мектеп
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Пән
Химия
Мұғалім
Саудағалиева Бибізада Ізетқызы
Сабақ тақырыбы
Алюминий

Әдіс және формат

  • Үй тапсырмасын тексеру: графиктік диктант және тест тапсырмалары.
  • Жаңа тақырып: жоспар бойынша түсіндіру, негізгі ұғымдарды бекіту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға алюминий элементі туралы жүйелі білім беру: атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, сондай-ақ алюминий ионын анықтау тәсілдері.

Дамытушылық

Жеке элементке ғылыми көзқарасты дамыту, алюминийге қатысты тарихи деректерді талдау және сабақта халықтық педагогика элементтерін тиімді пайдалану.

Тәрбиелілік

Білімді, ұлтжанды, өз елін, халқын, тілін және табиғи байлығын құрметтейтін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы графиктік диктант арқылы тексеріледі: оқушылар әр тұжырымға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, жауаптарына сәйкес график сызады.

Тұжырымдар

  1. 1 Сілтілік жер металдары табиғатта бос күйінде кездеседі.
  2. 2 Кальций ауадағы оттегімен әрекеттеспейтіндіктен, керосин астында сақталмайды.
  3. 3 Сілтілік жер металдары сутегімен әрекеттесіп, гидридтер түзеді.
  4. 4 Магний сумен баяу әрекеттеседі.
  5. 5 Сілтілік жер металдарының тотығу дәрежесі +2.
  6. 6 Магний оксиді екідайлы (амфотерлі) оксид.
  7. 7 Сөндірілген әктің формуласы: Ca(OH)2.
  8. 8 Дюралюминий құймасының құрамына магний кірмейді.
  9. 9 Кальцийді алғаш 1808 жылы Г. Дэви ашқан.

Ескерту: «Жауап графигі» тапсырма орындалу барысында тақтада немесе дәптерде көрсетіледі.

Қайталау: сәйкестік және тест тапсырмалары

Толықтыруды қажет ететін тест

  1. Алғаш рет магнийді ________ ж. ________ грек қаласы Магнезия маңынан табылған минерал — ақ магнезиден алған.
  2. Кальций жетіспеушілігінің алдын алу үшін дені сау адам күніне ________ г кальций қабылдауы тиіс.
  3. Магний өсімдік жасушасындағы ________ құрамына кіріп, ________ үдерісінің жүруіне қатысады.

Таңдамалы тест

1) Ca → CaO → X айналу тізбегіндегі X заты:

  • A) CaO
  • Ә) Ca(OH)2
  • Б) CaH2

2) Э → Э2O → ЭOH айналу тізбегіндегі Э элементі:

  • A) Mg
  • Ә) Ba
  • Б) Na

3) Кальций сульфаты кристаллогидратының формуласы:

  • A) CaCl2
  • Ә) CaSO4·2H2O
  • Б) CaSO3

Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырып жоспар бойынша қарастырылады. Әр бөлімде негізгі ұғымдар нақты мысалдармен бекітіледі.

Жоспар

  1. 1. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
  2. 2. Табиғатта таралуы
  3. 3. Өнеркәсіпте алынуы
  4. 4. Физикалық қасиеттері
  5. 5. Химиялық қасиеттері
  6. 6. Алюминийдің маңызды қосылыстары
  7. 7. Алюминий тұздарын анықтау
  8. 8. Қолданылуы

1) Жалпы сипаттама: орны және атом құрылысы

Алюминий — периодтық жүйенің III тобының негізгі топшасына жататын p-элемент. Алюминийдің жалғыз тұрақты изотопы — ²⁷Al.

Сыртқы электрондық қабатының құрылысы: 3s23p1. Осыған байланысты алюминий көбіне +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Мәтіннің жалғасы: «Толық нұсқасын жүктеу» бөлімінде берілген.