Қосаяқтың секіруінің ұзындығы нешеге тең

Сабақтың тақырыбы

Ұзындық және оның өлшем бірліктері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор

Сабақтың жабдығы

Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар және күтілетін нәтиже

  • Оқушыларды жаңа ұзындық өлшем бірлігі — километрмен таныстыру.
  • Ұзындық өлшем бірліктерінің өзара қатынасын түсіндіру және бекіту.
  • Атаулы сандармен есептеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Сол суреттерді құрастыру арқылы топтарға бірігеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабаққа даярлық: амандасу, қатысымды түгендеу, оқу мақсатын қысқаша таныстыру.

Сабақ басталды — білімге жол ашылады.
Зейін қойып тыңдаңдар, есептеуге мән беріңдер.

Үй тапсырмасын пысықтау

Үй жұмысы дәптерлері тексеріледі. Қателер қысқаша талданып, дұрыс орындау үлгісі көрсетіледі.

Жаңа сабақ

Ауызша жұмыс: «Зейінділік» ойыны

  1. Кесіндінің үштен бір бөлігі 9 см. Бүкіл кесінді неше сантиметр? Жауабы: 27 см

  2. Қосаяқ денесінің ұзындығы 20 см. Бұл — оның секіру ұзындығының он бестен бір бөлігі. Қосаяқтың секіру ұзындығы неше сантиметр? Жауабы: 15 × 20 = 300 см

  3. Бестен бір метр неше дециметр? Жауабы: 2 дм

  4. Түйе 40 жыл өмір сүреді. Өмірінің бестен бір бөлігінде ол өседі. Түйе неше жыл өседі? Жауабы: 8 жыл

Түсіндіру, еске түсіру, қайталау

Қысқартулар

  • кмкилометр
  • мметр
  • дмдециметр
  • смсантиметр
  • мммиллиметр

Негізгі қатынастар

  • 1 м = 10 дм
  • 1 дм = 10 см
  • 1 см = 10 мм
  • 1 м = 100 см
  • 1 дм = 100 мм
  • 1 м = 1 000 мм
  • 1 км = 1 000 м

Кеңейтілген түрлендіру

1 км = 1 000 м = 10 000 дм = 100 000 см = 1 000 000 мм

Өздік жұмыс

№ 1(ә). Өсу реті бойынша орналастыр.

7041 м, 2 км 100 м, 7 041 мм, 7 м 4 см, 5 дм 3 см, 3 дм 7 см, 2 см 3 мм.

Жұптық жұмыс

№ 2. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

630 км = 630 000 м

78 000 мм = 780 дм

6 690 см = 66 м 9 дм

Осыған ұқсас түрлендірулерді жалғастырыңдар.

Есеп құрастыру және шығару

№ 4. Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

Шешуі

150 : (300 : 6) = 50

Жауабы

Бір қаптың массасы — 50 кг.

№ 4(ә). Кері есепті оқушылар өз бетінше құрастырады.

Қорытынды

Сабақ барысында оқушылар ұзындық өлшем бірліктерін қайталап, километр ұғымымен танысады, бірліктер арасындағы түрлендірулерді орындап, атаулы сандармен есептеу дағдыларын бекітеді.