Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

Ежелгі Қазақстан тарихы • 6-сынып

Адамзаттың пайда болуы

Жер бетінде адам қалай пайда болды, оның ататегі кім деген сұрақтар адамзатты қай заманда да қызықтырған. Бұл тақырыпқа қатысты ғылыми пікірлер мен болжамдар көп. Мектеп курсында мәселе екі негізгі түсінік арқылы қарастырылады: діни түсінік және ғылыми түсінік.

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Алғашқы адамдардың жер бетінде пайда болуы, олардың өмірі мен тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, танымдық қызығушылықты және оқушы белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, өз елінің тарихи мұраларын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, «ұяшық таңдау» ойыны

Көрнекіліктер

  • 1 Оқулық, слайдтар
  • 2 Плакаттар, дүние жүзі картасы
  • 3 Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  3. Сыныпты екі топқа бөлу.

II. «Ұяшық таңдау» ойыны (қайталау)

Әр дұрыс жауап — 5 ұпай

5-сыныпта өткен тақырыптарды еске түсіру үшін ұяшықтар артында жасырылған сұрақтарға жауап беріледі. Әр топтан оқушылар сан таңдап, сұраққа жауап береді.

Сұрақ Дұрыс жауап
1) Тарих дегеніміз не? Тарих — өткен оқиғаларды зерттеу және сол туралы әңгімелеу.
2) Неліктен Геродотты «тарихтың атасы» дейді? Тарих туралы еңбек жазып, Батыс әлемінде «тарихтың атасы» атанған.
3) Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? 4 кезең: Ежелгі Қазақстан тарихы; Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы; Жаңа замандағы Қазақстан тарихы; Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы.
4) Тарихи деректер дегеніміз не? Ауызша және жазбаша деректер.
5) Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? 1991 жыл, 16 желтоқсан.
6) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Н. Ә. Назарбаев.
7) Жаңа Конституция қашан қабылданды? 1995 жыл, 30 тамыз.
8) Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жыл, маусым.

III. Жаңа тақырыпқа даярлық

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ой қозғау сұрақтары қойылады және бүгінгі тақырыптың негізгі ұғымдары айқындалады.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

1-бөлім

Алғашқы адамдардың пайда болуы

2-бөлім

Адамзаттың дамуы

3-бөлім

Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы

Адамның пайда болуы туралы екі түсінік қарастырылады:

  • Діни түсінік: адам жаратылыс туралы діни ілімдер арқылы түсіндіріледі.
  • Ғылыми түсінік: адамның шығу тегі эволюциялық даму, археологиялық және антропологиялық деректер арқылы дәлелденеді.

Топтық жұмыс: әр топ өз түсінігі бойынша сұрақтарға жауап беріп, постер қорғайды.

Алғашқы адамдардың даму кезеңдері

Ғылыми деректерге сәйкес, адамдар шамамен 3 миллион жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген. Тарих ғылымында маймыл тектес алғашқы адамдарды гоминидтер деп атайды.

Епті адам (Homo habilis)

шамамен 2,5 млн жыл бұрын

Африканың шығысында өмір сүрген.

Питекантроп (тік жүретін адам)

б.з.б. 800–500 мың жыл

1890–1892 жылдары қазба жұмыстары кезінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Ява аралынан табылған.

Синантроп («қытай адамы»)

б.з.б. 500–200 мың жыл

1927 жылы Қытайдағы Чжоукоудянь үңгірінен табылған.

Неандерталь

б.з.б. 200–40 мың жыл

Алғаш Германиядағы Неандерталь өңірінен табылған. 1938 жылы академик А. П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегін тапқан.

Саналы адам (кроманьондық)

б.з.б. 40–35 мың жыл

Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.

Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен 1 миллион жыл бұрын пайда болған.

V. Бекіту: тест жұмысы

Әр дұрыс жауап — 1 ұпай

1) Ең алғашқы адамдар қашан және қай жерлерде пайда болған?

  • A) 2 млн жыл бұрын, Қытай мен Моңғолия
  • Ә) 3 млн жыл бұрын, Африка мен Азия
  • Б) 2,5–5 млн жыл бұрын, Англия
  • В) 4–6 млн жыл бұрын, Англия мен Африка

2) Ғалымдар Танзаниядан (Шығыс Африка) табылған алғашқы адамды қалай атады?

  • A) Саналы адам
  • Ә) Епті адам
  • Б) Үңгір адамы
  • В) Тік жүретін адам

3) Питекантроптар осыдан қанша жыл бұрын өмір сүрген?

  • A) 800–500 мың жыл бұрын
  • Ә) 800–600 мың жыл бұрын
  • Б) 700–400 мың жыл бұрын
  • В) 900–700 мың жыл бұрын

4) Неандерталь баланың сүйегі қашан және қайдан табылды?

  • A) 1935 жыл, Қытай (Пекин)
  • Ә) 1935 жыл, Ява аралы
  • Б) 1937 жыл, Оңтүстік-Шығыс Азия
  • В) 1938 жыл, Өзбекстан (Тесіктас үңгірі)

5) Саналы адам — кроманьондар қайдан табылды?

  • A) Франциядан
  • Ә) Қытайдан
  • Б) Үндістаннан
  • В) Африкадан

6) Қазақстанда алғашқы адамдар қашан пайда болды?

  • A) 3 млн жыл бұрын
  • Ә) 2 млн жыл бұрын
  • Б) 1 млн жыл бұрын
  • В) 1,5 млн жыл бұрын

Жауап кілті

1 — Ә; 2 — Ә; 3 — A; 4 — В; 5 — A; 6 — Б.

VI. Қорытынды бекіту

Тақырыпты жүйелеу үшін кесте толтыру жұмысы орындалады: кезеңдер, атаулар, табылған орындар және мерзімдер салыстырылады.

VII. Бағалау

Жоғары ұпай жинаған топ «білім шыңына» жетеді.

Үй тапсырмасы

Адамдардың пайда болуы мен алғашқы адамдардың өмірі туралы қысқаша әңгіме құрастырып келу.

Дереккөз

ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Нишанбаева Саида Абдурахманқызы.