Ана тілі 4 сыныпСабақ тақырыбы:Ы
Ана тілі (4-сынып)
Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қарабатыр»
Мақсаты
- Оқушыларды ертегі желісімен таныстыра отырып, ертегінің негізгі идеясын ашу.
- Топпен талқылау жүргізіп, ой қозғайтын әңгімелер өрбіту.
- Көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорын дамыту.
- Сыни тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастыру.
Психологиялық дайындық
Жақсы бала еңбекқор,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп бір,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекқор осындай,
Болайықшы, досым-ай.
Жаңа сабақ
«Қарабатыр»
Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» шығармасы арқылы ертегінің мазмұнын түсініп, негізгі ойына мән береміз.