Музыканың ұлы кітабы
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Тақырыпты бекіту үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: сұрақ бізден, жауап сізден.
Қайталау сұрақтары
- Дін дегеніміз не?
- Ислам дінінің негізін қалаушы кім?
- Мұсылманның бес парызын атаңыз.
- Әлемдегі ең танымал үш дінді атаңыз.
- Мұхаммед өзін қалай атады?
- Ислам діні неге шақырады?
Негізгі ұғымдар және қысқа жауаптар
- Қағба дегеніміз не?
- Араб тілінде «Қағба» сөзі тура мағынасында сый-құрметке бөленген биік орын дегенді білдіреді.
- Ислам дінінің қасиетті кітабы
- Құран.
- Намаз қай жаққа қарап оқылады?
- Құбылаға қарап.
- Бүкіл мұсылман жұртшылығы мерекелейтін мейрам
- Құрбан айт.
Терминдермен жұмыс
Төмендегі ұғымдардың мағынасын анықтап, мысал келтіріп көріңіз.
Жаңа сабақ: Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалым: Әбу Насыр әл-Фараби
Әл-Фараби — ғылым мен мәдениеттің дамуына зор ықпал еткен ойшыл. Ол ғалым, философ, тарихшы, мәдениеттанушы, дәрігер және құқықтанушы ретінде танылған.
Шын есімі
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тарқани.
Туған жері
Орталық Қазақстан, Шәуілдір ауданы, Отырар қаласы (Фараб).
Шыққан тегі
Әкесі Мұхаммед — қыпшақ тайпасының қолбасшысы.
Алғашқы білімі
Отырар медресесінде сауатын ашқан.
Білім жолы және қызмет еткен қалалар
- Шаш (Ташкент) — алғашқы білімінің негізі қаланды.
- Самарқан, Бұқара — діни және ғылыми білімдерін тереңдетті.
- Мысыр (Каир), Бағдад — қызмет етті, еңбектенді.
- Шам (Дамаск) — ғылыми еңбектерін аяқтау үшін барды.
Өмірінің соңғы кезеңі
Әл-Фараби ғылыми еңбектерін толық аяқтау үшін туған жеріне оралудан бас тартып, 950 жылы Шамда (Дамаск) ауыр науқастан қайтыс болды.