Екі ауылдың арақашықтығын тап
Математика (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы: бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер.
Сабақтың мақсаты
-
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруды, есепке сызба құруды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру. Жақындау жылдамдығы ұғымын қалыптастыру.
-
Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру; математикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі
Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа даярлық: амандасу, оқушыларды түгендеу.
Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№9 тапсырма, 182-бет.
III. Өткенді пысықтау
Ауызша жұмыс.
IV. Жаңа сабақ
Тақырыпты түсіндіру, еске түсіру және қайталау.
Белгілеулер
- v
- жылдамдық
- t
- уақыт
- s
- қашықтық
Негізгі формула
S = v · t
Қашықтықты табу үшін қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейтеміз.
Сурет бойынша талқылау сұрақтары
-
Суретте не бейнеленген?
-
Машиналар қандай әрекет орындап жатыр?
-
Олардың қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
-
Арақашықтық қалай өзгереді?
-
Жылдамдықтары бірдей болса, бірдей уақыт аралығында жүрген жолдары туралы не айтуға болады?
-
Жылдамдықтары әр түрлі болса ше?
-
Жолда болған уақыт туралы қандай қорытынды жасауға болады?
-
Кездескеннен кейін қозғалысты жалғастырса, қандай өзгеріс болады?
№2 Есеп
Бір-біріне қарама-қарсы қозғалысЕкі ауылдан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 310 км, ал екіншісі 275 км жол жүрді. Екі ауылдың арақашықтығын тап.
Жетелеуші идея
Қарама-қарсы қозғалыста кездескенге дейін жүрген қашықтықтардың қосындысы екі нүктенің (екі ауылдың) арақашықтығына тең.
Берілгені
- 1-машина 310 км
- 2-машина 275 км
Табу керек
Екі ауылдың арақашықтығы.
Шешуі
310 + 275 = 585
Демек, екі ауылдың арақашықтығы 585 км.
Тақырыпты бекіту
Бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді орындау және жүктеу (қосымша тапсырмалар).