Адамның баласы бол

«Сөз мерген» (танымдық сайыс)

Бұл сайыс сабақ оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, сөздің қадірін терең түсінуге, ойлау мәдениетін дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; ана тілінің қадір-қасиетін танытып, көркемдігін сезінуге және сөз құнын түсінуге баулу.
  2. 2 Тапқырлықты, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  3. 3 Тіл шеберлігін арттыруға, тіліміз бен рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Көрнекілігі
Слайдтар, нақыл сөздер

Жүргізуші сөзі

Тілді әр уақытта аялап, шұбарламай, таза күйінде мұра етіп қалдыру — біздің борышымыз.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ендеше, туған тілін жан-тәнімен сүйетін, баба рухынан қуат алып, ана тілінен нәр тауып жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Сайыс құрылымы

Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Алдымен қатысушыларды іріктеу үшін жұмбақтар жасырылады: жұмбақтың шешуін тапқан оқушы жарысқа қатыса алады.

Іріктеу жұмбақтары

  1. Оқтан жүйрік, қылыштан өткір. Сөз
  2. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады. Жұмыртқа
  3. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді. Көз
  4. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. Жер, аспан

Іріктеу жұмбақтары (жалғасы)

  1. Басқан жері бармақтай, аттаған жері атандай. Таяқ
  2. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
    Теңселіп тербеледі, адам соқса.
    Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
    Не пайда, үндемейді адам жоқта.
    Домбыра
  3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Қой
  4. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. От

Қатысушылар

Бүгінгі сайысқа қатысатын оқушылармен танысыңыздар: 1, 2, 3.

1-кезең: «Мықты болсаң — тауып көр»

Тапсырма: тұрақты тіркестердің дұрыс нұсқасын табу және мағынасын түсіндіру.

Тұрақты тіркестер

  • Тонның ішкі бауындай «дос, тату»

    Дұрыс сөз: бау.

  • Мұзға отырғызу «алдау, арбау»

    Дұрыс сөз: отырғызу.

  • Құлақ асу «тыңдау, назар аудару»

    Дұрыс сөз: асу.

  • Бармағын тістеді «өкінді»

    Дұрыс сөз: тістеді.

Тұрақты тіркестер (жалғасы)

  • Қырық пышақ болу «араздасу, ұрысу»

    Дұрыс сан: қырық.

  • Қанына тарту «туысына ұқсау»

    Дұрыс сөз: тарту.

  • Ақ саусақ «жалқау, еріншек»

    Дұрыс сөз: саусақ.

  • Ат салысу «көмектесу»

    Дұрыс сөз: салысу.

  • Шашбауын көтеру «жағымпаздану»

    Дұрыс сөз: көтеру.

2-кезең: «Жүйрік болсаң — шауып көр»

Тапсырма: мақал-мәтелдердің жетіспейтін сөзін табу.

Мақал-мәтелдер

  • Ел іші — алтын бесік.

    Жетіспейтін сөз: ел.

  • Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

    Жетіспейтін сөз: бол.

  • Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.

    Жетіспейтін сөз: жауса.

Мақал-мәтелдер (жалғасы)

  • Досы жоқ адам — тұзы жоқ адам.

    Тірек сөз: тұз.

  • Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарады.

    Тірек сөз: ысқырық.

  • Естімеген елде көп.

    Тірек сөз: көп.

Мақал-мәтелдер (қорытынды)

  • Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

    Тірек сөз: қайғы.

  • Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

    Тірек сөз: бала.

  • Қыз — елдің көркі, гүл — жердің көркі.

    Тірек сөз: көркі.

3-кезең: «Тапқыр болсаң — тауып көр»

Тапсырма: көнерген сөздердің мағынасын ашу.

Қорамсақ

Қорамсақ — садақтың жебелерін салып, белге байлайтын, жеке-жеке ұясы бар оқ салғыш.

Ерулік

Ерулік — жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыруы.

Шаршы

Шаршы — ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі, аманат етуі.

Қорытынды

Жеңімпаздарды әділқазы алқасы хабарлайды. Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.