Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану
Сабақтың тақырыбы
Жай бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек-конспект арқылы түсіндіру тәсілін қолдану.
- Көбейту ережесін жатқа білу және оны есептерде дұрыс қолдана алу.
2) Дамытушылық
- Деңгейлеп оқыту арқылы есеп шығару барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Есте сақтау мен зейін қою дағдыларын жетілдіру.
- Практикалық дағдыларды қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.
3) Тәрбиелілік
- Деңгейлік тапсырмалар арқылы өзіндік ізденісті қалыптастыру.
- Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу.
- Бір-біріне көмек көрсетуге, топпен бірлесе жұмыс істеуге және тату-тәтті қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ой қозғау
Нені біліп шығу керек?
II. Ой толғау
Нені білгіміз келеді?
III. Ой қорыту
Нені білдік?
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Электрондық оқулық бойынша модуль-2, 9-тапсырмаларды орындау.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын және қатысуын шолып өту.
- Оқу құралдарын түгелдеу.