Разрядтық қосылғыштарға жікте
Ұйымдастыру кезеңі
Құрмет пен ықылас
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз. Бар әлемнің баласын құрметтейік біз.
Психологиялық дайындық
Бір-бірімізге жылы лебіз айтып, сабаққа жақсы көңіл күймен кірісейік.
Үй тапсырмасын тексеру
Өрнектердің мәндерін табыңыз:
50•7 + 50(32 − 26)•5
36•3 + 12•(800:80)
80•5 + 30 + (73 − 68)•5
(74 − 38):4•11 − 54
Мақсат қою кезеңі
Ойын: «Кім жылдам?»
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңіз:
23, 37, 47, 63, 86, 55, 72, 98, 18
Жаңа материалды меңгеру және түсінгендерін тексеру
№2. Түсіндіре отырып шығар
Шаңғы жарысы — арнайы дайындалған трассада белгілі қашықтыққа (жасы, жынысы және т.б. санаттар бойынша) шаңғымен жарысу спорты.
I топ
84:4
63:3
II топ
46:2
28:2
III топ
39:3
62:2
№3. Мәнін тап
Коньки спорты — мұз үстінде конькимен жүгіріп жарысу.
I топ
a•3, мұнда a = 12; 23; 34
II топ
64:b, мұнда b = 2; 4; 64
III топ
48:c, мұнда c = 2; 4; 6
№4. Салыстыр
Биатлон — қысқы және жазғы спорт түрі. Белгілі бір қашықтық сайын шаңғымен жүріп, нысанаға мылтықпен оқ ата отырып жарысады.
I топ
(70+11):9 ? 3•3
(60+4):2 ? 62:2
II топ
36:3 ? (30+9):3
33:3 ? (30+3):3
III топ
100:20 ? 100:10
(90+6):3 ? 90:3 + 6:2
№5. Қалып қойған сандарды орнына қой
Мәнерлеп сырғанау — спортшы музыка ырғағына сай конькимен сырғанап, әсем қимылдар орындайтын спорт түрі. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған.
I топ
81 − 6•3 + 7 = 70
II топ
60 − (14 − 8)•5 = 30
III топ
57 − 8•4 + 15 = 40
Сергіту сәті
Денің сау болсын десең, спортты сүй!
Есептерді шығар
Тақырып: Шана спорты
Шана спорты — арнайы жарыс шаналарымен (иілгіш, қозғалысты, кертпелі-созылатын белбеулері бар) және басқарылатын тұтас темірден жасалған шанамен арнайы жолда құлдилап түсу. Бұл спорттың бір түрі — бобслей.
№7
Жаздық лагерьдің бір отрядында 28 бала, екіншісінде 20 бала болды. Бәйтерекке саяхатқа бару үшін олардан 4 топ құрылды. Әр топта неше бала болды?
№8
«Көктем» санаторийінде 216 адам демалады. «Арасан» санаторийінде одан 39 адам кем. Ал «Ақжелкен» санаторийінде «Арасан» санаторийіне қарағанда 46 адам артық демалады. Осы үш санаторийде барлығы неше адам демалады?
№9
Саяжай үйі кіреберіс пен бөлмеден тұрады. Кіреберіске 40 плитка жұмсалды, ал бөлмеге одан 3 есе көп плитка қажет болды. Саяжай үйінің бүкіл еденіне төсеу үшін неше плитка керек болды?
Сабақты бекіту
Топпен жұмыс
Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом және жылдам сырғанау болып бөлінеді. Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өтеді. Алып слаломда жылдамдық сағатына 65 км-ге дейін, ал жылдам сырғанауда 90–100 км/сағ-қа дейін жетеді.
Қалып қойған амалдар таңбаларын тиісті орнына қой
I топ
(7+8)•4 = 7 … 4 … 8 … 4
II топ
(36+18):9 = 36 … 9 … 18 … 9
III топ
(25+35):5 = 25 … 5 … 35 … 5
Сабақты қорыту
Өткен материалды қысқаша қайталап, негізгі тәсілдерді қорытындылаймыз: разрядтық қосылғыштарға жіктеу, өрнек мәнін табу, салыстыру және амалдар таңбасын дұрыс қою.
Үйге тапсырма
Мұғалім берген тапсырмаларды орындап, есептердің шешу жолын түсіндірумен жазып келіңіз.