Алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Тақырып: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Мектеп
Пенжім орта мектебі
Мұғалім
Сеиткасимова А. Ж.
Пәнаралық байланыс
География
Оқу мақсаттары
Осы сабақта қол жеткізілетін мақсат (оқу бағдарламасына сілтеме)
- Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын білу.
Сабақ мақсаты
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын меңгеру және қолдана алу.
Бағалау критерийлері
Оқушы мақсатқа жетеді, егер жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын біліп, оны есептерде дұрыс қолдана алса.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология
- Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
Жай бөлшекті және аралас сандарды бөлу үшін ...
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ...
Аралас санды аралас санға бөлу үшін ...
Натурал санды бөлшекке бөлу ...
Бөлшекті натурал санға бөлу үшін ...
Құндылықтарды дарыту
- Өзіндік бақылау мен бағалауды, сондай-ақ шешім қабылдауды үйрену.
Бастапқы білім
Оқушылар жай бөлшек ұғымын, дұрыс және бұрыс бөлшектерді, сондай-ақ аралас сандарды біледі.
Сабақтың басы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларға жағымды көңіл күй қалыптастыру.
- Сабақ мақсатын жариялау.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Еске түсіру: сұрақ-жауап
1) Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай көбейтеміз?
Алымы — берілген бөлшектер алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі — бөлімдерінің көбейтіндісіне тең болатын бөлшек шығады.
2) Натурал санды бөлшекке қалай көбейтеміз?
Натурал санды бөлшек санға көбейткенде натурал санды бөлшектің алымына көбейтеміз: көбейтінді жаңа алым болады, ал бөлім өзгеріссіз қалады.
3) Аралас санды жай бөлшекке қалай көбейтеміз?
Алдымен аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырамыз, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолданамыз.
4) Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, не болады?
Көбейтінді де нөлге тең болады.