Жобалап оқыту технологиясының тарихы
Жоба әдісі: бастауыш сыныпта шеберлік пен зерттеу дағдыларын қалыптастыру құралы
Соңғы жылдары мектеп тәжірибесінде жаңа технологияларды кеңінен қолдану белсенді жүріп жатыр. Қазіргі оқыту үдерісінің басты мақсаты — оқушыны жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу. Сабақта түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың элементтері қолданылғанымен, білімді игеру барысында бірқатар қиындықтар байқалады.
Оқытудағы өзекті мәселелер
- 1 Оқыту үдерісінде өздігінен жұмыс орындау деңгейінің төмен болуы.
- 2 Тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық әрі жүйелі түрде орындамау.
- 3 Алынған білімді басқа салаларда қолдануда қиналу.
Осы себептерге байланысты қазіргі таңда шығармашыл мұғалімдер қауымы оқу үдерісінде жоба әдісін жиі қолдана бастады.
Жоба әдісі дегеніміз не?
Терминнің шығу тегі
Еуропа тілдеріндегі «жоба» сөзі латынның projectus сөзінен шыққан. Ол «алға лақтырылған» деген мағынаны береді. Яғни, жоба — көзге көрінетін нәтижеға бағытталған ойдың, әрекеттің бастапқы үлгісі, белгілі бір істің прототипі.
Оқу үдерісіндегі мәні
Жоба әдісі оқушыдан нақты бір проблеманы шешуді талап етеді. Бұл үшін оқушы бір жағынан әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан бірнеше пәннен алған білімін интеграциялап пайдалануы қажет.
Нәтижесі қандай?
Демек, жоба әдісі оқушыларды білімдік жағдаятқа енгізіп, өз проблемасын іздеп табуға, оны талдауға және шешуге үйретеді. Сонымен қатар өздігінен жұмыс істеуді, іс-әрекетін жоспарлауды және ұйымдастыруды дамытады.
Жобалап оқыту технологиясының қысқаша тарихы
Жобалап оқыту технологиясы ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасты. Бұл бағыт кейде «проблемалар әдісі» деп те аталады. Оны америкалық философ әрі педагог Дж. Дьюи және оның шәкірті У. Х. Килпатрик дамытты.
Дж. Дьюидің ұстанымы
Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды: оқыту өмірден алынған, бала үшін маңызды әрі таныс проблемаға құрылуы тиіс. Оқушы сол проблеманы шешу үшін өз білімін қолдана алатындай жағдайда болуы керек.
Мұғалім бұл үдерісте дайын шешім бермейді: ол ақпарат көздерін қайдан табуға болатынын көрсетеді, оқушыны өздігінен жұмыс жасауға бағыттайды және қызығушылық тудыра отырып, теорияны практикамен байланыстыруға жетелейді.
Идеяның таралуы
Жобалап оқыту идеясы орыс педагогтарының да назарын аударды. Ресейде бұл бағыт америкалық педагогикамен параллель дамыды. Орыс педагогы С. Т. Шацкий 1905 жылы оқу үдерісінде жобалап оқыту технологиясын қолданғаны белгілі.