Буддизмнің тарихы, таралуы

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы

Потанин жалпы орта білім беретін мектебі

Тарих және география пәнінің мұғалімі: Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

Дінтану негіздері • 9-сынып • 2 сағат

Сабақ тақырыбы

Буддизм: ілімі, пайда болуы, таралуы және негізгі тармақтары.

Буддизм Гаутама Карма Нирвана Хинаяна Махаяна

Мақсаты

  • Оқушыларды буддизмнің ілімімен, пайда болу тарихымен, таралу аймақтарымен және негізгі тармақтарымен таныстыру.

  • Өз бетінше жұмыс істеу, қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру; ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Жауапкершілікке, дербестікке және белсенді азаматтық көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Модульдік

Әдіс-тәсілдер

Өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс

Құрал-жабдықтар

ҚР Конституциясы, энциклопедия, 6-сынып «Дүние жүзі тарихы» оқулығы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру.

II. Өткен тақырыпты қайталау

«Сұрақ–жауап» ойыны (иудаизм тақырыбы бойынша).

  1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізі қандай?
  2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай?
  3. Иудаизмнің қандай қасиетті кітаптарын білесіңдер?
  4. Иудаизмнің тарихи кезеңдерін атаңдар.
  5. Иудаизмнің қандай дәстүрлері мен мерекелері бар?

III. Жаңа тақырып жоспары

  1. Буддизм ілімі: пайда болуы және таралуы
  2. Негізгі тармақтары
  3. Қазіргі буддизмнің ерекшеліктері
  4. Буддизмнің Қазақстандағы тарихы

Буддизм ілімі: негізгі ұғымдар

Төрт асыл ақиқат

  1. Өмір — қасірет: адамның тууы, өсуі, қартаюы және өлімі қасіретпен астасады.
  2. Қасіреттің себебі — қанағатсыз тілек: рахатқа, байлыққа және басқа дүниелік құмарлықтарға байланып қалу.
  3. Қасіреттен арылу мүмкін: дүниелік тілектерден толықтай бас тартып, нирванаға жету арқылы.
  4. Арылу жолы бар: нирванаға «ортаңғы жол» немесе сегіз салалы жол арқылы жетуге болады.

Сегіз салалы жол

  1. Қасіреттің себептерін дұрыс түсіну
  2. Дұрыс ойлау
  3. Дұрыс сөйлеу
  4. Дұрыс әрекет ету
  5. Салауатты өмір салтын ұстану
  6. Адал еңбек ету
  7. Ізгі ойды сақтай білу
  8. Дене күші мен психиканы дұрыс арнаға бағыттау

Пайда болуы

Буддизм б.з.д. VI ғасырда көне Үндістанда қалыптасты. Діннің негізін қалаушы — Сиддхартха Гаутама. Ол (дәстүрлі дерек бойынша) б.з.д. 567 жылы Оңтүстік Непалда ру басының отбасында дүниеге келген.

Негізгі тармақтары және бағыттары

Хинаяна

Діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын, дәстүрге адал сақталуын жақтайды.

Махаяна

Түсіндіруді кеңейтуге, жаңа қағидалар мен тәжірибелерді енгізуге бейім бағыт.

Махаяна ішіндегі ықпалды ағымдар

  • Дзен-буддизм (Жапонияда кең тараған)
  • Ламаизм (Тибет дәстүрімен байланысты)

Негізгі айырмашылық

Махаяна дәстүрінде Будда көбіне құдайлық бейнеде қабылданады, ал хинаянада Будда ұстаз, яғни жол көрсетуші ретінде түсіндіріледі.

Таралу географиясы

Хинаяна таралған аймақтар

  • Шри-Ланка
  • Тайланд
  • Мьянма (Бирма)
  • Лаос
  • Камбоджа

Үндістан, Бангладеш, Вьетнам, Малайзия және Непалда ықпалы салыстырмалы түрде әлсіздеу болған.

Махаяна таралған аймақтар

  • Қытай
  • Жапония
  • Корея
  • Непал
  • Бутан

Ламаизм түрінде: Моңғолияда, Тибетте, Бурятияда және Жоңғарияда таралған.

Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)

I топ

Буддизмнің пайда болу алғышарттарын сипаттау.

II топ

Буддизмнің тарихы мен таралуын талдау.

III топ

Буддизмнің негізгі тармақтарын жүйелеу.

IV топ

Қазақстандағы буддизм тарихына шолу жасау.

Білімді тексеру: блиц-турнир

  1. Буддизм дінінің негізін салушы кім? (Сиддхартха Гаутама)
  2. Маурия әулетінен шыққан, Үнді мемлекетінің күшеюіне ықпал еткен патша кім? (Ашок)
  3. Буддизм ілімі неше ақиқаттан тұрады? (Төрт)
  4. Нирванаға жету жолы нешеу? (Сегіз)
  5. Негізгі тармақтарын атаңдар. (Хинаяна және Махаяна)
  6. Қазақстанға буддизм қашан келді? (II–III ғасырлар)
  7. Ресейге буддизм қай ғасырларда келді? (XVII–XVIII ғасырлар)
  8. Чань-буддизм деген не? (Қытайдағы махаяна мен жергілікті діндердің синтезі)
  9. Махаянаның кең тараған екі бағыты қалай аталады? (Ламаизм және дзен-буддизм)
  10. Буддизм діни басшыларының жиналысы қалай аталады? (Сангити)
  11. Сиддхартха Гаутама қай жылы дүниеге келді? (567 жыл)
  12. Карма деген не? (Адамның тағдыры)

Шығармашылық тапсырма

Оқушылар топпен жұмыс істеп, тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ және тест тапсырмаларын құрастырады. Кейін жұмыстар тексеріліп, талданып, қорытынды жасалады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтың 83-бетіндегі сұрақтарға жауап беру.

Қажет болса, толық нұсқасын жүктеу тапсырмасы беріледі.