Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Есімше туралы түсінік
Түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап
- Ауызша тест (жедел жауап)
- Оқулықпен жұмыс
- Сергіту сәті
Көрнекіліктер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Есімше туралы толық мәлімет беру, оның тілдік қызметі мен жасалу ерекшеліктерін меңгерту.
Білімділік
Есімшенің етістіктің ерекше түрі екенін түсіндіру; жасалу жолдары мен жұрнақтары туралы жүйелі ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Жаттығулар арқылы ізденімпаздықты дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
- Адамгершілікке тәрбиелеу; туған жерге сүйіспеншілік пен қазақ тіліне құрмет қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа қатысуды бақылау.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Өткен тақырыптарды қайталау
Еске түсіру
Барша заттың бір өзімде қимылы —
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етісте боп жиылдың.
Ауызша тест
Жедел жауап-
1) Етіс дегеніміз не?
- AТек қана іс-қимылды білдіреді.
- BІс-әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.
- CҚимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауын білдіреді.
-
2) Етістің неше түрі бар?
- A5
- B2
- C4
-
3) -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын сабақты етістіктің түрі:
- AЫрықсыз етіс
- BӨздік етіс
- CӨзгелік етіс
- DОртақ етіс
-
4) Қимылды орындаушы өзге біреуге істетеді:
- AЫрықсыз етіс
- BӨздік етіс
- CӨзгелік етіс
- DОртақ етіс
-
5) Қимылды орындаушы қимылды өзі орындайды:
- AЫрықсыз етіс
- BӨздік етіс
- CӨзгелік етіс
- DОртақ етіс
-
6) Орындаушы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді:
- AЫрықсыз етіс
- BӨздік етіс
- CӨзгелік етіс
- DОртақ етіс
-
7) Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді:
- AЫрықсыз етіс
- BӨздік етіс
- CӨзгелік етіс
- DОртақ етіс
-
8) Етістердің жасалу жолдары:
Ырықсыз етіс
Жұрнақтары: -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н
Өздік етіс
Жұрнақтары: -ын, -ін, -н
Өзгелік етіс
Жұрнақтары: -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т
Ортақ етіс
Жұрнақтары: -ыс, -іс, -с
III. Жаңа сабақ: Есімше
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Есімше мен көсемше етістіктің тұлғалық әрі қызметтік тұрғыдан өзгеше категорияларына жатады.
Негізгі ерекшелігі
Есімше бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқара алады.
Есімдік қызметі
- Есім сөздерше септеледі, тәуелденеді, көптеледі.
- Кім? не? сұрақтарына жауап беріп, сөйлемде бастауыш не баяндауыш қызметін атқара алады.
Етістік қызметі
- Есімше жіктеліп, етістік қызметін атқарады.
- Сөйлемде баяндауыш бола алады.
- Қосымшасыз (негізгі тұлғада) қандай? қай? сұрақтарына жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.