Қамажай Рахмет сендерге, балалар

1 қазан — Қарттар күні

Қадірлі ата-әжелер! Бүгінгі мерекеде сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, береке-бірлік тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділік пен даналықтың, мейірім мен парасаттың үлгісі болып келесіздер.

Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын, ата-әже! Көкіректен жыр төгілмей жата ма!

Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Құттықтау сөзі

Бүгінгі салтанатты мерекеге орай құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Ә. Ж. Достановаға беріледі.

Ән-би, өлеңдермен өрілген кеш

Кештің әр сәті ата-әжеге деген құрметті, алғыс пен ыстық ықыласты білдіретін ән, би және тақпақтарға ұласты.

1) Ән

«Ақ әжем»

Жүргізуші: Асыл әжем, мақтанышым менің де, қонақ болып отыр міне төрімде. Өзіңе арнап тәтті үніммен ән салатын кезім келді менің де.

2) Би

«Қамажай»

Жүргізуші: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — демекші, ортаға қыздарымызды шақырамыз.

Балалардың жүрекжарды тілектері

Балалар ата-әжелеріне деген сүйіспеншілігін өлеңмен жеткізді. Әр жолында мейірім, әр сөзінде ықылас бар.

3) Тақпақтар

  • Ілияс

    Менің әжем — жыр әжем,
    Шуағы мол нұр әжем.
    Ақ таяққа сүйеніп,
    Аман-есен жүр, әжем.

  • Мағжан

    Әдептілік белгісі —
    Иіліп сәлем бергені.
    Алла берген ұл-қызың —
    Маңдайдағы жұлдызың.
    Қариясы бар адам —
    Дариясы бар адам.

  • Дәулет

    Ата — үлкен кәріміз,
    Қуат берген дәріміз.
    Әуелете аялап,
    Ардақтаймыз бәріміз.

  • Н. Қолғанат

    Шай ішетін қоюлап,
    Жақсы көрем атамды.
    Сырмақ сырған оюлап,
    Жақсы көрем апамды.

  • Сұлтан

    Ұл-қызыңа ерген
    Немереңбіз, әже.
    Немерелеріңнен өрген
    Шөбереңбіз, әже.

Жүргізуші: Рахмет, балалар! Тақпақты өте мәнерлеп айттыңдар.

5) Ән

«Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші: Күн нөсерін төгейік, жырдан моншақ өрейік. Уа, жамағат, енді әнге кезек берейік.

6) Би

«Тентегім»

Жүргізуші: «Баламның табанына кірген шөңгіp менің маңдайыма кірсін» дейтін асыл жүректі ата-әжелерден үлгі алып келе жатқан тентектерімізді ортаға шақырамыз.

Тағы да тақпақтар

7) Тақпақтар

  • С. Қолғанат

    Менің әжем — ақ әжем,
    Ұл мен қыздың бағы, әжем.
    «Ертегі айтып бер» десем,
    Айтып береді тағы, әжем.

  • Жомарт

    Менің әжем — гүл әжем,
    Алтын әжем, нұр әжем.
    Анам үшін, мен үшін
    Нағыз әжем — сыр әжем.

  • Жанболат

    Менің әжем — жыр әжем,
    Шуағы мол нұр әжем.
    Ақ таяққа сүйеніп,
    Аман-есен жүр, әжем.

  • Әділет

    Бесігіме бөлеп алып,
    Сен тербетсең қалғимын.
    Жүрегіме сіңіп жатыр
    Сенің айтқан әлдиің.

Жүргізуші: Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге, балалар!

9) Би

«Ойыншықтар»

Жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен, айналайын атажан! Не үлкен сый бар бізге — өзің берген батадан. Осы арнаумен бүлдіршіндеріміз аталарына «Ойыншықтар» биін ұсынады.

Өнер мен өнегенің жалғасы

10) Тақпақтар

  • Жанель

    Әжем менің — шешіре,
    Көп ертегі біледі.
    Сыртта жүрген кезінде
    Бізді ойлап жүреді.

  • Жансая

    Менің әжем — ақ әжем,
    Ақ жаулықты жан әжем.
    Ақыл айтқан дан әжем,
    Ертегісі дар әжем.

  • Мадияр

    Күлімдеген көзіңнен,
    Айналайын атажан.
    Не үлкен сый бар бізге —
    Өзің берген батадан.

  • Мира

    Ақыл құйған санама,
    Күннен де артық расында.
    Күн алыста, ал әжем —
    Ылғи менің қасымда.

  • С. Ақерке

    Ақ жаулықты әжемді
    Ай нұрына теңедім.
    Әр ісінен үлгі алып,
    Еркін өсіп келемін.

  • Айша

    Мейірімді әжелер
    Балаларға бата алар.
    Қалтасына кәмпит сап,
    Немереге апарар.

11) Би

«Қара жорға»

Жүргізуші: Қысылып еш саспандар, кәнеки би бастаңдар. Ата-әжелердің көңілін бір көтеріп тастаңдар!

12) Ән

«Біз бақытты баламыз!»

Гүл-гүл жайнап бәріміз, кірді біздің сәніміз. Қарттарымызды тойымен құттықтаймыз бәріміз!

Сыйлық және ақ бата

Бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынады. Қабыл алыңыздар!

Мерекелік шараны қорытындылай отырып, «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, ата-әжелеріміздің ақ батасы мен ізгі тілектеріне сөз кезегін береміз.