Мақалды жатқа мағынасынан ашу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Көмектес септік

Дүниетану

Жыл мезгілдері

Ана тілі

М. Дулатов: «Қыс»

Сабақтың тақырыбы

Көмектес септік

Сабақтың мақсаттары

  • Септік жалғаулары туралы білімдерін нақтылау.
  • Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіруге бағыт беру.
  • Сауатты жазуға дағдыландыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Кесте Сызба Суреттер Парақшалар

Сабақ құрылымы оқушылардың белсенді қатысуына, сұрақ-жауапқа және тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімді бекітуге бағытталған.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — дара тілім.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақтағы тапсырмалар сұрақ-жауап арқылы тексеріледі, қателер қысқаша талданады.

III. Өткенді пысықтау

«Бәйге» ойыны
  • Сөз таптарын ата. 40
  • Етістік дегеніміз не? 30
  • Сөйлем дегеніміз не? 50
  • Сын есім дегеніміз не? 10
  • «Гүл» сөзін септе. 60
  • «Кебеже» сөзін тәуелде. 20
  • Сөз нені білдіреді? 50
  • Сан есім дегеніміз не? 15
  • Одағай дегеніміз не? 80

IV. Жаңа сабақ: септіктер жүйесі

Қазақ тіліндегі септік жалғаулары сөйлем ішінде сөздердің байланысын білдіреді. Төменде негізгі септіктердің сұрақтары мен үлгілері берілген.

Атау септік

Сұрақтары: кім? не? Мысал: оқушы, шөп

Ілік септік

Сұрақтары: кімнің? ненің? Мысал: оқушының, шөптің

Барыс септік

Сұрақтары: кімге? неге? Мысал: оқушыға, шөпке

Табыс септік

Сұрақтары: кімді? нені? Мысал: оқушыны, шөпті

Жатыс септік

Сұрақтары: кімде? неде? Мысал: оқушыда, шөпте

Шығыс септік

Сұрақтары: кімнен? неден? Мысал: оқушыдан, шөптен

Көмектес септік

Сұрақтары: кіммен? немен? Мысал: оқушымен, шөппен

Назар аударыңыз: көмектес септік іс-әрекеттің кіммен немесе немен бірге орындалғанын білдіреді.

V. Жаттығу жұмысы

1) 80-жаттығу

Көшіріп жазу. Көмектес септіктегі сөзді тауып, сұрағын қою.

2) 81-жаттығу

Мақалдарды жаттау және мағынасын түсіндіру.

  • Оқу — инемен құдық қазғандай.
  • Сумен ойнама — батарсың.
  • Отпен ойнама — күйесің.

3) 82-жаттығу

Орындары ауысқан сөздерді дұрыс ретке келтіріп, сөйлем құрау.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы көңіл-күйді көтеру.

5) Венн диаграммасы

«Септік жалғау» мен «тәуелдік жалғаудың» ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

6) 84-жаттығу

Шаршы тәсілі бойынша орындау.

7) Топтық жұмыс

Топтармен бірлесіп жұмыс жасау, тапсырмаларды бөліп орындау.

1-топ

Тапсырма мұғалім нұсқаулығына сай беріледі.

2-топ

«Белдік» сөзін тәуелдеу.

VI. Бекіту және қорытынды

Семантикалық карта

Оқушылар көмектес септікті қолдануды тапсырмалар арқылы нақтылайды.

Сабақты қорытындылау

Негізгі ережелер қайталанып, қысқаша кері байланыс алынады.

VII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

83-жаттығу. Ережені оқу.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.