Өсімдіктердің өсу ретін анықтай білуге және жәндіктердің қалай пайда болатынын түсіндіру
Сабақ паспорты
Тәрбиеші
Құлыншақ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Жалпаксаринова Айгерим Амантаевна.
Тақырыбы
«Табиғаттың білгіштері»
Мақсаты
- Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атай білуге үйрету, салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Әр кезең арқылы сөздік қорын, дүниетанымын байыту.
- Қоршаған ортаға қатысты көзқарасын жаңарту, өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру.
- «Жасыл ел» акциясына қатысу, ағаш отырғызу идеяларын қолдау.
Тәрбиелік мәні
- Табиғатты және өз ортасын сүюге баулу.
- Қыстап қалатын құстарды және жыл құстарын ажырата білуге үйрету.
- Өсімдіктердің өсу ретін анықтау, жәндіктердің қалай пайда болатынын түсіндіру.
- Тірі және өлі табиғаттың байланысын тәжірибе арқылы ұғындыру (топырақты зерттеу, суды тазарту).
Құрал-жабдықтар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Бәйшешек гүлінің суреті (слайд).
- Құстардың суреттері.
- Мнемокесте.
- Үлестірмелі карточкалар.
- Әуен, фланелеграф тақтасы.
Экспериментке арналған заттар
- Стакан, топырақ, құйғыш.
- Селдір мата (сүзгі үшін).
- Үлкейткіш әйнек.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Қолданылатын технологиялар
- ТРИЗ схемасы
- Кубизм
- Зайцев технологиясы
Алдын ала жұмыс
- Табиғатты бақылау.
- Көктем туралы өлең оқып беру.
- Құстардың тіршілігін бақылау.
Билингвалдық компонент
- Көктем
- весна
- Ұзақ қарға
- грач
- Почва
- қарашірік
Сөздік жұмысы
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-оятушылық кезең
Шаттық шеңберіБалалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме?» деп,
Сәлемдесіп аламыз.
Жыл мезгілдері туралы сұрақ-жауап
-
Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
Жыл мезгілі төртке бөлінеді.
-
Жыл мезгілдерін атаңдар.
Күз, қыс, көктем, жаз.
-
Қазір қай жыл мезгілі?
Көктем.
Көктем белгілерін байқау
- Жердегі мұз бен қар ери бастады.
- Ағаштар бүршік атады.
- Балалар құстарға ұя жасап жатыр.
Ойын: тәрбиеші доп лақтырады, балалар көктем туралы жылы сөз айтады. «Көктем көрікті, сұлу, әсем…»
2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Круиз-саяхатБалалар үстелдегі карточкаларды таңдайды. Слайдпен жұмыс жүргізіледі.
Жұмбақ:
Ол қардың астынан бірінші шығады,
Көктемді бірінші қарсы алады.
Жауабы: бәйшешек гүлі (подснежник).
«Бұл не, балалар?» — Бұл карта. Карта арқылы біз бүгін круиз-саяхатқа шығамыз.
Балалар қалауы бойынша 3 топқа бөлінеді: құстар, гүлдер, көбелек.
Алдымен құстар әлеміне тоқталамыз, кейін өсімдіктер мен жәндіктер әлеміне барамыз. «Ара болып ұшып барайық!» (әуен қосылып, балалар қимылмен «ұшады»).
1-топ: Құстар
- Жыл құстарын қыстап қалатын құстардың ішінен таңдап алу.
- Фланелеграф тақтасына құсты іліп, қасына ұясының суретін орналастыру.
- Мнемокесте арқылы талдау: «Қай құсты таңдадың?»
2-топ: Өсімдіктер
- Гүлдің өсу ретін топтастыру.
- А3 қағазына гүлдің жақсы өсуіне не керек екенін карточкалар арқылы орналастыру.
- Дәрілік өсімдікті құрастыру.
- Мнемокесте арқылы гүлдің өсу ретін айту.
3-топ: Жәндіктер
- Өрмекшіні басқа жәндіктермен салыстыру (аяқ, көз, дене мүшелері).
- Екі схеманы толтыру: бір бөлігі — өрмекші, екінші бөлігі — басқа жәндіктер.
- Мнемокесте арқылы қорытынды жасау: жәндіктердің көбісі 3 бөліктен (бас, көкірек, құрсақ) тұрады, ал өрмекші 2 бөліктен тұрады.
- Көбелектің даму (өсу) кезеңдерін көрсету.
Проблемалық сұрақтар
Әр топқа фишкалар таратылады. Топтар ақылдасып, жауап береді.
-
Егер құстар болмаса, не болар еді?
Әсем ән тыңдай алмас едік; жәндіктер көбейіп, ағаштарға зиян келтіруі мүмкін.
-
Жәндіктер не үшін керек? Олардың пайдасы бар ма?
Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі: кейбірі тозаңдандырады, кейбірі топырақтың құнарын арттыруға ықпал етеді.
Сергіту сәті
Әуен қосылады. Балалар қимыл-қозғалыс жасап, сергіп алады.
Тапсырма: кубиктерден және гүл шоғынан төрт жыл мезгілінің белгілерін құрастыру.
Келесі аялдама: зертхана
Картаға қараймыз: енді зертханаға барамыз. Балалар қалауы бойынша топтарға бөлінеді.
Эксперимент: топырақты зерттеу және суды тазарту.
Эксперимент қорытындысы
Топыраққа су құйғанда, судың бетінде не пайда болды?
Көпіршіктер пайда болды — демек, топырақта ауа бар.
Судың бетінде тағы нені байқадыңдар?
Қарашірік бөлшектерін көреміз. Мнемокесте арқылы қорытынды жасалады.
Слайдпен жұмыс: балалар «Жасыл ел» акциясына қатысып, балабақша бақшасына жеміс ағашын отырғызды.
3) Рефлексиялық-түзету кезеңі
ҚорытындылауКарта бойынша қорытынды сұрақтар:
- Біз бүгін қайда бардық? — Круиз-саяхатқа бардық.
- Не істедік? Не түсіндік? — Әр бала өз ойымен бөліседі.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
- Жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың атауларын.
- Жәндіктердің құрылысын (негізгі бөліктерін).
Дәлелдей білу керек
- Қарашірік — өсімдік қалдықтары мен ұсақ ағзалардың ыдырауынан түзілетін құнарлы қабат екенін.
Үйрену керек
- Топырақ құрамын ажыратуды.
- Суды тазарту жолын (сүзу арқылы).
- Топпен жұмыс жасауды және сұрақтарға толық жауап беруді.