Тақтадан буындар мен сөздерді оқыту

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: «Ж» дыбысы мен әрпін таныту; «Ж» дыбысын сөз ішінен бөліп, дұрыс айтуға үйрету; «ж» әрпі бар сөздерді тұтас оқыту.

  • Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі

Мазмұнды сурет, кеспе әріптер, буындар, слайд, кесте, парақша.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.

II. Өткен материалды еске түсіру

  • Тақтадағы буындар мен сөздерді оқыту.

  • «Ат тағалау» мәтінін оқыту.

  • Мәтін мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтар

  1. Мәтінде неше сөйлем бар?
  2. Мәтіндегі адам аттарын ата.
  3. «Аулада», «Сағадат» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

«Аулада»

Ау-ла-да — 3 буын, 6 дыбыс.

«Сағадат»

Са-ға-дат — 3 буын, 7 дыбыс.

III. Жаңа сабақ: «Ж» дыбысы мен әрпі

Жұмбақ сұрақ: Аң патшасы қай аң? (Жолбарыс)

Жолбарыс туралы аңыз әңгіме арқылы жаңа дыбысты таныстыру.

Дыбыстау жаттығуы: Ж-ж-ж… жи-жи… жираф.

Бүгін біз «Ж» дыбысы және «ж» әрпімен танысамыз. Әріптің баспа және жазба түрін көрсету, «Ж» дыбысын бірнеше рет дұрыс айтқызу.

Дыбыс түрі

Ұяң дауыссыз дыбыс.

Жасалу орны

Тіл алды дауыссыз.

Айтылу ерекшелігі

Ызың дауыссыз.

Буын құрату

ЖУ, ЖА, ЖЫ, ЖО.

Жа-

жарық, жарыс, жалау, жалын, жауын

Жо-

жота, жоба, жомарт

Жу-

жуас, жуа, жусан

Жы-

жыра, жылан, жылу

Суреттер көрсету (слайд) және сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Қарсы мәндес сөздермен жұмыс

Кестедегі қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқыту.

Берілген Қарсы мәндесі
Жуан ағаш Жіңішке ағаш
Жаңа орамал Ескі орамал
Тар жол Кең жол
Аласа тау Биік тау

Оқулықпен жұмыс

А) Мынау ненің суреті? (Жіп.) Жіп неден жасалады? «Жіп» сөзін буынға бөліп көрейік. Сөзде неше буын, неше дыбыс бар? «Ж» дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

Ә) Жаңа буындарды хормен оқыту: жа, жо, жы, жу.

Б) Жаңа буындардан құралған сөздерді оқыту (сөздерді түспен ерекшелеу).

В) Диалог сөздерді оқыту және түсіндірме жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Қане, қайта қонайық.

Дәптермен жұмыс

«Ж» әрпінің жазылу тәртібін үйрету.

Бекіту: тақтамен жұмыс

«Кім шапшаң?» ойыны: берілген сөздерге әр оқушы қолындағы түсті дөңгелектер арқылы дыбыстық талдау жасайды.

Қорытындылау

Бүгін қай дыбыспен таныстық? «Ж».

  • Дыбыс орны: сөз басында да, сөз ортасында да келе алады.

  • Дыбыс сипаты: ұяң дауыссыз, тіл алды дауыссыз, айтылуына қарай ызың дауыссыз.