Шапшаң шап

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Полтавка ауылы

Полтавка орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Кисекова Гульнар Наймановна

Қазақ тілі 3-сынып Дәстүрлі емес жарыс сабағы

Сабақтың тақырыбы

«Кім жылдам?»

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Қазақ тілі сабағында қолданылатын сөздерді тілдік қатынаста пайдалану дағдысын қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жинақталған білім арқылы байқау. Сөздік қорды толықтыру және ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету.

2) Дамытушылық

Қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықты арттыру; ой-өрісті, дұрыс сөйлеу дағдыларын және қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Тілге деген құрмет пен қызығушылықты күшейту.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Жазу жұмысы
  • Еркін сөйлеу

Ұйымдастыру

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Жабайы аңдар» және «Үй жануарлары».

Сабақ барысы: тапсырмалар мен ойындар

Әр кезең жылдамдықты, дәлдікті және тілдік қорды қолдануды талап етеді. Тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындаған топ ұпай жинайды.

I. «Бес қадам» — сөздік қорды жылдам айту

Әр топ 5 қадам жүріп, өз тақырыбы бойынша 5 атауды жылдам атайды.

«Жабайы аңдар» үлгісі

Қасқыр, түлкі, қоян, аю, арыстан.

«Үй жануарлары» үлгісі

Сиыр, қой, шошқа, жылқы, түйе.

II. Шаршы кесте — тағам атауларын толтыру

Төмендегі үлгіге сай келетін тағам атауларын кім жылдам толтырады?

Әріптер:

Е Н Қ Ш К І Ж І

III. Ойын «Аквариум» — кім көп «балық» аулайды?

Екі топқа балық суреті бар қиықшалар таратылады. Әр қиықшаның артқы бетінде тапсырма жазылған.

Ережесі: тапсырманы дұрыс және шапшаң орындаған топ жеңеді.

IV. Жұмбақ шешу

Ащы емес, тәттімін.
Жұмсақ емес, қаттымын.
Бұл не?

Жауабы: Қант

Қыс болса үйде тұрмайды,
Қырдан төмен зырлайды.

Жауабы: Шана

Шыр-шыp етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.

Жауабы: Телефон

Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.

Жауабы: Ешкі

V. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру

Әр топтан үш оқушы шығады. Әр оқушыға қиықшаға жазылған бір сөзден беріледі. Мақсаты — сол сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.

Сөйлем үлгісі

Қағазды босқа қима.

Сөйлем үлгісі

Киімді күтіп ки.

VI. Сөзжұмбақ «Дене мүшелері»

Қай топ сөзжұмбақты көп шешсе, жеңіс солардікі.

  1. 1 шаш
  2. 2 ауыз
  3. 3 маңдай
  4. 4 қас
  5. 5 қол

VII. Цифрлардан сөз құрастыру

Қай топ берілген цифрлармен байланысты сөздерді тез құрастырады?

3 7 50 100

Үлгі жауаптар: Үшқұдық, Жетісай, Жетісу, Елубай, жүзім.

VIII. Жаңылтпаштар

Жаңылтпашты шапшаң әрі жаңылыспай оқу.

1)

Көк тырна.

2)

Шемішке шақсаң — шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шабан шап,
Шапшаң шап.

3)

Тыраулап көп тырна,
Көп тұрма.

IX. Дөңгелек кесте — буыннан сөз шығару

Дөңгелек кестеден қандай сөздер құрастыруға болады?

қа-ла қа-сық қа-лам қа-зақ қа-ғаз қа-уын

X. «Кім бірінші?» — көкөністер мен жемістер

Екі топқа тапсырма беріледі: бір топ көкөністерді, екінші топ жемістерді жылдам атайды. Әр топтың әр мүшесі кемінде бір атауды айтып шығуы керек. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңеді.

Нақтылау: тапсырма тақтада немесе мұғалімнің белгісімен басталады; қайталанған сөз есептелмейді (келісім бойынша).

XI. Қорытынды

Қазылар алқасы нәтижені шығарып, жеңген топты жариялайды. Оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылады.

Ескерту

Жарыс тапсырмалары оқушылардың сөздік қорын байытуға, шапшаң ойлауға және сауатты сөйлеуге бағытталған. Қажет болған жағдайда тапсырмалар күрделілігі сынып деңгейіне қарай бейімделеді.