Квадрат түбірдің анықтамасы
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәндері.
- Сабақтың мақсаты
- Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір ұғымдарын меңгерту; квадрат түбір белгісін дұрыс қолдану; түбірдің жуық мәнін табу және саннан квадрат түбір табу дағдыларын қалыптастыру.
- Сабақтың түрі
- Интерактивті сабақ
- Білімділік
- Берілген тақырып көлемінде оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелік
- Оқушыларды ізденімпаздыққа, тез ойлап, дәл жауап беруге тәрбиелеу.
- Дамытушылық
- Оқушыларды интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйрету, цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамыту.
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы
-
1-кезеңҰйымдастыру
-
2-кезеңӨткен сабақты қайталау
-
3-кезеңЖаңа тақырыпты зерделеу
-
4-кезеңЕсептер шығару
-
5-кезеңҚорытындылау
Өткен сабақты қайталау
Негізгі ұғымдарды еске түсіру арқылы жаңа тақырыпқа сенімді көшеміз.
Сұрақ 1
Иррационал сан ұғымын енгізу қажеттілігі неден туындады?
Сұрақ 2
Төмендегі сандардың қайсылары натурал сан, бүтін сан және бөлшек сан болады?
- 100
- 38
- 0
- 7
- −12
- 1,5
- ⅓
Жаңа тақырыпты зерделеу
Квадрат түбір ұғымын анықтамалар арқылы нақтылап, белгілеулер мен мысалдар арқылы бекітеміз.
Тапсырма: аудан арқылы қабырғаны табу
Ауданы берілген квадраттың қабырғасын табыңдар:
- 64 см²
- 49 см²
- 1,69 см²
- 0,09 см²
- 15/25 см²
Анықтама: квадрат түбір
Теріс емес a санының квадрат түбірі деп квадраты a-ға тең болатын b санын атайды.
Мысал
64 санының квадрат түбірлері: 8 және −8, өйткені 8² = 64 және (−8)² = 64.
Анықтама: арифметикалық квадрат түбір
Квадраты a-ға тең болатын кез келген теріс емес b саны теріс емес a санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.
Белгілеу
√a — a санынан алынған арифметикалық квадрат түбір. Мұндағы √ — радикал белгісі, ал a — радикал ішіндегі өрнек.
√25 = 5
± белгісінің қолданылуы
√ белгісі тек арифметикалық квадрат түбірді (яғни, теріс емес мәнді) көрсетеді. Ал квадрат теңдеудің екі шешімін жазу үшін түбірдің алдына ± белгісі қолданылады.
Мысал 1
x² = 9
x = ±3
Мысал 2
x² = 4
x = ±2
Автор туралы
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Долайты орта мектебінің математика пәні мұғалімі — Даутова Махирям Телебалдыевна.