Заттың ретін білдіретін сөз табы

Есімдіктің түрлері: жіктеу есімдігі (6-сынып)

Бұл материал 6-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі сабағында есімдік туралы жалпы түсінік қалыптастыруға, соның ішінде жіктеу есімдігінің ерекшелігін ұғындыруға бағытталған.

Пән

Қазақ тілі

Сынып

6

Сабақтың мақсаты

  • Есімдік туралы түсінік қалыптастыру.
  • Жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру және ерекшелігін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың есімдік туралы түсінігі қалыптасады.
  • Жіктеу есімдігімен танысады және оның ерекшеліктерін ажырата алады.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет Өзбек тілі Өнер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Зымыран сұрақтар
Ой тұжырымдау
«Шым-шытырман»
Пантомима
«Дұрыс/Бұрыс» кестесі
«Өз миыңды суретте»

Қолданылатын ресурстар

  • Тақта
  • Стикерлер
  • Ноутбук
  • Кестелер
  • Маркерлер

Сабақ барысы

Төмендегі құрылым сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап қорытынды рефлексияға дейінгі негізгі қадамдарды қамтиды.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен сәлемдеседі.
  • Оқушыларды түгендейді.
  • Психологиялық ахуал орнатады.

Оқушы әрекеті

  • Мұғаліммен амандасады.
  • Кезекші сабаққа келмеген оқушыларды хабарлайды.
  • Зейінін сабаққа аударады.

2) Білу: «Зымыран сұрақтар» арқылы қайталау

Өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін жылдам сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

  1. 1. Заттың түрін, түсін білдіретін сөз табы.

  2. 2. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіретін сөз табы.

  3. 3. Барлық заттың, құбылыстың атауын білдіретін сөз табы.

  4. 4. Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай жалқы, жалпы болып бөлінетін сөз табы.

  5. 5. Қай сөз табында көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулары болады?

  6. 6. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.

  7. 7. «Қандай? қай?» деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

  8. 8. Қай сөз табы мағынасына қарай сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді?

  9. 9. Заттың дәміне, иісіне және басқа да сипаттарына байланысты белгілерін білдіретін сөз табы.

  10. 10. «Қанша? неше?» деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

  11. 11. Заттың ретін білдіретін сөз табы.

  12. 12. «Кім? не? кімдер? нелер?» деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

  13. 13. Мағынасына қарай деректі және дерексіз болып бөлінетін сөз табы.

  14. 14. Мағынасына қарай алты түрге бөлінетін сөз табы.

  15. 15. «Нешінші? нешеу?» сияқты сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

3) Түсіну: жаңа тақырыпқа шығу

Бағыттаушы сұрақтар

  • Біз қандай сөз таптарымен таныстық? (Зат есім, сын есім, сан есім)
  • Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылатын сөз табын қалай атаймыз? (Есімдік)

Көркем үзінділер (талқылауға)

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті оралған мәні оятар.

Абай

Бір шалдың төрт ұлы бар. Бірде шал сол ұлдарын жинапты.

Мектебімізде «Білгірлер» сайысы болады. Бұл сайыста біз жеңеміз.

4) Теория: есімдіктер және жіктеу есімдігі

Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп те қолданылады.

Есімдіктің мағыналық топтары (7 түрі)

1. Жіктеу
2. Сілтеу
3. Сұрау
4. Өздік
5. Жалпылау
6. Болымсыздық
7. Белгісіздік

Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктердің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдігінің үш жағы болады және жекеше/көпше түрлерде қолданылады.

I жақ

Айтушы, сөйлеуші жақ. Адамға қатысты, сондықтан көбіне «кім?» сұрағына жауап береді.

II жақ

Тыңдаушы жақ. Адамға қатысты, сондықтан «кім?» сұрағына жауап береді.

III жақ

Бөгде жақ. Адамға да, адамнан басқа затқа да қатысты болуы мүмкін, сондықтан «кім? не?» сұрақтарына жауап береді.

5) Қолдану: жаттығулар және топтық жұмыс

170-жаттығу

Зат есімді жіктеу есімдігімен алмастырып, мәтінді көшіріп жазыңдар.

«Шым-шытырман» әдісі

  1. Әр топ 2 минут ішінде плакатқа бірнеше есім сөздерді жазады.
  2. Топтар плакаттарын ауыстырып, жазылған сөздерді оқып, есте сақтайды.
  3. Есте сақталған сөздермен 2 минут ішінде жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемдер құрайды.
  4. Соңында бір-бірінің жұмысын тексереді.

6) Сергіту сәті: «Пантомима»

Әр топ өзара келісіп, бір жануардың әрекетін қимылмен бейнелейді. Келесі топ сол жануарды табуы керек.

7) Мәтінмен жұмыс және «Дұрыс/Бұрыс» кестесі

Аудио мәтін

Оқушыларға аудио мәтін тыңдатылады.

Кестені толтыру (топтарға бөлу)

  • I топ: 1–2 сөйлем
  • II топ: 3–4 сөйлем
  • III топ: 5-сөйлем

8) Талдау: жіктеу есімдігін анықтау

Берілген сөйлемдер ішінен жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемдерді тауып, олардың қай жақта және қай септікте тұрғанын анықтап, құрамына қарай талдау жасалады.

Үлгілер

Менің — жіктеу есімдігі; I жақ; ілік септік; құрамына қарай дара; тұлғасына қарай негізгі.

Ол — жіктеу есімдігі; III жақ; жекеше; атау септік; құрамына қарай дара; тұлғасына қарай негізгі.

Қосымша үлгілер

Сенің — жіктеу есімдігі; II жақ; жекеше; ілік септік; құрамына қарай дара; тұлғасына қарай негізгі.

Саған — жіктеу есімдігі; II жақ; жекеше; барыс септік; құрамына қарай дара; тұлғасына қарай негізгі.

9) Жинақтау: «Өз миыңды суретте»

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша негізгі ұғымдарды құрылымдап, «ми картасы» (mind map) форматында бейнелейді.

10) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай жетондар беріліп отырады. Сабақ соңында жиналған жетондарына сәйкес бағаланады.

11) Рефлексия: «Бес саусақ» тәсілі

Бас бармақ — басты мәселе

Бүгін сабақтағы ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек — бірлесу

Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек — ойлану

Мен бүгін қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек — шынайылық

Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек — көңіл күй

Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Автор туралы

№20 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Манапова Севара Алихановна.