Көшір мейлі
Қадір Мырза Әли өлеңдері
ТУҒАН ЖЕР - АЙ, КҮНІМ ДЕ, ДІНІМ ДЕ СЕН
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
****
АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН
Туған жерде бақыт деген бар құсың.
Туған жерсіз – бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.
Ауыл - ана, аманбысың,
Армысың?!
****
ҰЛЫ МАХАББАТ
Сусын қылар үмітін шөлдегенде
Осы жерге перзентсің сен де,
Мен де!
Барлығын да сүйемін,
Сөйте тұра
Махаббатым ерекше ел дегенде!
О дүниеге жер аудар!
Көшір мейлі!
Көшір мейлі!
Өмірден өшір мейлі!
Кешіремін,
Әйтсе де елім жайлы
Жаман айтқан сөзіңді кешірмеймін!
****
ТУҒАН ЖЕРДІҢ АУАСЫ
Туған жердің ауасын
Сағынамын мен тегі.
Үлкен түгіл, баласын,
Момын түгіл, тентегін.
Қайың түгіл, қаңбағын,
Қырат түгіл, обасын;
Шалғын түгіл, шаңдағын,
Құрақ түгіл, қоғасын;
Белес түгіл, елесін
Самал түгіл, дауылын;
Түсіме көп енесің,
Айналайын ауылым!
ОМОНИМДЕР ЖАЙЛЫ
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Жалпы түркі тілінің басты ерекшеліктері
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері
Негізгі құралдар есебі жайлы түсінік
Омоним сөздер туралы оқушыларға түсіндіру
Windows реестрі
Синоним, антоним, омоним
Қазақстанға соғыс жылдары көшіріп әкелінген өндіріс орындары
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз - мейлінше жетілген ұлттық тіл
C. бұл экономикалық өсу мен төлем балансының тепе - теңдiгiн, инфляция деңгейiн мейлiнше төмендету, ресурстардың қамтылу жағдайын қамтамасыз ету сұрақтарын қарастыратын ғылым
Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары
Көшіру дегеніміз
Көшіріп жазу
Мұқағали Мақатаевтың өлеңіБіле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін, (Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің)Қуанып көктен ырыс құйды екен деп, Қолымнан тостағымды түсірмеймін
Мақалдарды көшіріп жазу
Формуланы енгізу және көшіру. Тест тапсырмасын орындау
Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазғызу