Күлтегін жыры
Сабақтың тақырыбы
Орхон–Енисей ескерткіштері. Күлтегін жыры (7-сынып).
Оқу мақсаттары
Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау (ТЖ2).
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың барлығы
- Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Жазба жұмыс орындайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көбісі
- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
- Өз бетінше жұмыс істейді.
- Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі
- Оқулықтан тыс тапсырмаларды орындайды.
- Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.
Бағалау критерийлері
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзыреттілік
Негізгі ұғым: әдеби шығарма.
Ресурстар мен әдіс-тәсілдер
Ресурстар
- Оқулық, суреттер.
- Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және түрлі заттар.
- Топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
- Ойын, көрнекілік.
- Рефлексия.
Пәнаралық байланыс және алдыңғы оқу
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу
6-сыныпта өткен білімді пысықтау, еске түсіру.
Сабақ барысы
Басталуы
5 минут
- Бағалау парақшасымен таныстыру.
- Топтарға бөлу: себеттен кәмпит таңдау арқылы 3 топ құру.
1-топ
Сары кәмпиттер
2-топ
Көк кәмпиттер
3-топ
Қызыл кәмпиттер
Психологиялық ахуал: «Қызыл гүлім-ай» (би).
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну: берілген мәтіндерді оқушылар оқып шығады.
«Сақина салмақ» ойыны
Бүгін ойынның ерекшелігі: сақина кімнің қолында қалса, сол оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Ортасы
10 минут
Қолдану: Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері болады. Сол тарихи құндылықтарды зерделеп, жарыққа шығару — кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Кеңес Одағы кезеңінде өткен тарихымызды терең зерттеуге мүмкіндік шектеулі болды. Сондықтан ата-бабамыздың бай мұрасы мен Түркі әлемін зерттеудегі ғылыми еңбектер тәуелсіздік алғаннан кейін айқын көріне бастады.
Күлтегін ескерткіші: қысқаша шолу
Түркі халықтарының көне дәуірден жеткен ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі — Күлтегін ескерткіші. Ол Орхон–Енисей жазуына жатады және маңызы баға жетпес құндылық саналады.
Түркі тарихы туралы көптеген дерек бізге VII–VIII ғасырларда жазылған Орхон–Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгілі болды.
Орналасуы
Ескерткіштер бір кездері түркілер мекендеген Енисей өзені бойында және қазіргі Моңғолиядағы Улан-Батор қаласынан батысқа қарай шамамен 400 км қашықтықта, Орхон өзені бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан.
Зерттелу тарихы (негізгі деректер)
- Ескерткішті алғаш тауып, ғылымға танытқан — орыс ғалымы Н. М. Ядринцев.
- 1890 жылы Гейкель бастаған басфин-угор қоғамы экспедициясы, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым академиясының экспедициясы жазуды көріп, тексеріп қайтты.
- 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келді; 1912 жылы В. Л. Котвич зерттеді.
- 1958 жылы моңғол-чехословак біріккен ғылыми экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді (басшысы — чех археологы Л. Иисль).
- Қазба кезінде қорған астынан екі адамның тасқа ойылып жасалған бас мүсіні табылды: Күлтегіннің және оның жұбайының мүсіні екені анықталды.
Ескерткіштің сипаты
Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Биіктігі 3,15 м, ені 1,24 м, қалыңдығы 0,41 м. Жоғарғы жағы бесбұрышты, қырларында айдаһар бейнелері мен қаған таңбалары бар.
Маңызды дата
Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні көрсетілген: 1 тамыз, 732 жыл.
Жазу құрылымы
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар; ол сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологияда 40 жолы «Үлкен жазу» (КТБ), ал 13 жолы «Кіші жазу» (КТМ) деп аталады.
Тілдік қабат
Ескерткіш негізінен табғаш (қытай) және көне түркі жазуымен толтырылған. Қытайша мәтін 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленіп, ескерткіштің қысқаша мазмұнын береді. Жазудың үстінде қытайша бір сөйлем кездеседі: «Марқұм Күлтегін жазуы».
Мырзатай Жолдасбеков аудармасынан үзінді
«Он оқұлым, Түргеш қағанынан Мақраш таңбашы, Оғыз Білге таңбашы келді; Қырғыз қағанынан Тардуш ынаншы, Чур келді; Мазар тұрғызуға, зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергері Чаң сеңун келді».
Талдау: «Ыстық орындық» әдісі
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін білдіреді және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Орындықтар оқушыны айнала қоршай орналастырылады. Сұрақтарды мазмұнды ету үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп шығып сөйлей алады.