Құрманғазы Сағырбайұлы кім

Сабақ тақырыбы: Құрманғазы

Пән

Әдебиеттік оқу, 4-сынып

Сабақ түрі

Аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту

Әдістер

Түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу

Көрнекілік

Ұлттық аспаптардың суреттері, иллюстрациялар

Сабақтың мақсаттары

  • Оқушыларды Құрманғазының өмірі және шығармаларымен таныстыру.
  • Мәтіннен қиын сөздерді таба білуге үйрету, сөздік қорын байыту.
  • Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту.
  • Күй тыңдату арқылы патриоттық сезімді ояту.
1

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ұлттық аспаптар» ойыны: суреттердің артында жасырылған сұрақтарға жауап беру.

  1. «Сібір» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
  2. Сахалин аралын не үшін сұрады деп ойлайсың?
  3. Жазушы қоңырау сыңғыры нені еске түсірді деп жазды?
  4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап бере аласың ба?
  5. Тұрар Рысқұловты Меркі жерімен не байланыстырады?
  6. «Бала Тұрар» әңгімесін еске түсірейік: онда не туралы айтылған?

Жаңа сабақ

Сызба және суреттер арқылы түсіндіру

Тұлға

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823–1896)

Құрманғазы Сағырбайұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Ол — күй өнерінің атасы атанған, XIX ғасырдағы аса көрнекті композитор әрі теңдесі жоқ ұлы күйші.

Құрманғазыны күй өнеріне баулыған ұстазы — Ұзақ күйші. Жастайынан домбыраға әуес болып, Ұзақтан тәлім алған Құрманғазы есейе келе домбырашылық пен күйшілік шеберлігін айқын танытты.

Ол өз дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен тұлға. Бірнеше рет түрмеге қамалса да, халық азаттығы жолындағы күрескер рухы ешқашан төмендеген емес.

Қуғын-сүргін мен сергелдеңді бастан кешкен күйші күйлері арқылы халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнеледі. «Алатау» және «Сарыарқа» секілді күйлерді дүниеге әкелді.

Құрманғазының күйлері қазақ мәдениетінде ерекше тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқыту, негізгі ойды анықтау, маңызды тұстарды белгілеу.

Сөздікпен жұмыс

Әділетсіздік
Озбырлық, әділдіктің жоқтығы.

Тақтамен жұмыс

Дәптерге жаңа сөздер мен тіркестерді көркем жазу талаптарына сай жазу.

«Кім тапқыр?» ойыны

Мақсаты: музыкалық аспаптардың атауын ажырата білу.

Сергіту сәті

Көңілді күй әуеніне қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Күй тыңдау

«Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлерінің шығу тарихымен таныстырып, тыңдату. Венн диаграммасы арқылы күйлерді салыстыру.

Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы жаңа материалды пысықтау.

  1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
  2. Құрманғазының қандай күйлерін білесің?
  3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
  4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
  5. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы және белсенділігі бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Мәтін мазмұнын айту.
  • Құрманғазы туралы қосымша мәлімет жинақтау.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы №17 И. И. Трубицын атындағы гимназия орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Диханбаева Айгүл.