Көреген суреті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ халқының бай мұрасымен таныстыру, соның ішінде балаға ең жақын жанр — аңыз бен ертегілер әлеміне жетелеу. Ертегі әлеміне саяхат жасай отырып, талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастыру, шығарманың негізгі ойын және мазмұнын түсінуге баулу, қорытынды жасауға бағыттау.

Дамытушылық

«Музыкалық ертегі» ұғымының мәнін ашу: ертегінің қызықты әрі әсерлі шығуына музыканың рөлін түсіндіру, тыңдау мәдениетін және көркем қабылдауды дамыту.

Тәрбиелік

Ғасырлар бойы ел аузында сақталған «Ер Төстік» ертегісіндегі Ер Төстік бейнесі арқылы жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарын дарыту: достық, өзара көмек, ақыл-парасат, адалдық, ізеттілік және жауапкершілік.

Сабақтың форматы

  • Сабақтың түрі: сахналау
  • Сабақтың типі: жинақтап-қайталау

Қолданылған көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • CD/DVD диск
  • Кеспе қағаздар және қосымша материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Күй

«Ата толғауы»

Дауыс жаттығуы

«Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен» — әртүрлі дыбыс биіктігінде орындау.

Ән

«Ертек-ертек-ерте екен…» (сөзі — халықтікі, әні — Ж. Назаров)

Ән мәтіні (1-шумақ)

Бар екен де жоқ екен,
Аш екен де тоқ екен.
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен.

Қайырмасы

Ертек-ертек-ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылдай қызыл екен,
Құйрығы оның ұзын екен.

Ән мәтіні (2-шумақ)

Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға
Қызық сырын шертеді.

Қайырмасы

Ертек-ертек-ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылдай қызыл екен,
Құйрығы оның ұзын екен.

Ертегі желісі: «Ер Төстік»

Автор баяндауы

Ерте заманда Ерназар деген байдың Ер Төстік атты ұлы болыпты. Ер Төстік батыр, ержүрек, батыл болып өседі. Жұт кезінде хабарсыз кеткен сегіз ағасы болған екен.

Ер Төстік туралы шумақ (ән орындалады)

Ертегінің кейіпкері —
Көп қой оның серігі.
Ең мықтысы сегіз ұлдың —
Ерназардың Ер Төстігі.

Оқиға өрбуі

Ер Төстік ержетіп, хабарсыз кеткен сегіз ағасын іздеуге аттанады. Ағаларын тауып, ауылға ата-анасына қайта оралады. Барлығы бірге тату-тәтті өмір сүре бастайды. Бірақ мұны көре алмаған перінің қызы жалмауыз кемпірге тапсырма беріп, Ер Төстікті қолға түсірмек болады.

1-слайд

Жалмауыз кемпірдің суреті

2-слайд

Шалқұйрық тұлпардың суреті

Ер Төстік өзінің сенімді серігі — тұлпары Шалқұйрықпен бірге айла тауып, жалмауыз кемпірден қашып құтылады. Кейін жер астындағы Бапы ханның еліне тап болады. Бапы хан оған шарт қойып, көршісі Темір ханның еліне аттандырады.

3-слайд

Жылан-айдаһардың суреті

Ер Төстіктің серіктері: қабілет пен мінез

Жол үстінде Ер Төстік ерекше қасиеттері бар достар табады. Әр кейіпкер — ертегінің қозғалтқыш күші, ал сахналауда олардың бейнесі ән арқылы айқындалады.

Епті

4-слайд

Алғаш кездескен досы — Епті. Өнерлі, әдепті, байқатпай әрекет ететін шапшаң кейіпкер.

Епті әні

Шапшаң, жылдам тістері,
Арсиған оның тістері.
Ертегіде бар Епті —
Өнерлі де әдепті.

Желаяқ

5-слайд

Шаң жұқпас жүйрік. Ешкім жете алмайтын жылдамдықтың символы.

Желаяқ әні

Дамыл таппай жүгірген,
Айналасын бүлдірген.
Ұшып-қонған Желаяқ —
Елдің бәрін күлдірген.

Саққұлақ

6-слайд

Құлағын жерге төсеп, алыс-жақынның үнін аңдайтын тыңғылықты кейіпкер.

Саққұлақ әні

Жер тыңдаған шапқылап,
Құлақтарын тартқылап.
Бәрін естіп жүретін —
Ойнақтаған Саққұлақ.

Таусоғар

7-слайд

Тауды көтеріп, қайта орнына қоя алатын алып күш иесі.

Таусоғар әні

Тау мен тасты көтерген,
Жер-жаһанды ол кезген.
Қандай алып бар екен,
Таусоғарға тең келген?

Көлтауысар

8-слайд

Көлдің суын көзді ашып-жұмғанша ішіп тауыса алатын ерекше кейіпкер.

Көлтауысар әні

Қуанышпен қауышқан,
Кісімен тез тіл табысқан.
Өзен-көлдің суларын
Жалғыз өзі тауысқан.

Көреген

9-слайд

Жер астындағы қырағы, алысты анық көретін зерек жан.

Көреген әні

Жер әлемді төбеден
Көрген біздің Көреген.
Жарқыраған қос көзі
Алысты көрер екен.

Темір хан сынағы және ортақ жеңіс

Жетеуі жеті ай жүріп, Темір хан еліне жетеді. Темір хан Ер Төстіктен және оның достарынан өнерлерін көрсетуді сұрайды. Достары өз қабілеттерін танытып, жұртты таңғалдырады: Таусоғар тауды көшіреді, Көлтауысар көлді ішіп тауысады, Көреген көз жеткізбес алысты көреді, Саққұлақ естілмес дыбысты естиді, Желаяққа ешкім жете алмайды, ал Ептінің әрекетін ешкім байқамайды. Осылайша Ер Төстік шартты орындап, Бапы ханның еліне қайтады.

Финал: Самұрық пен бәйтерек

Ер Төстік жер асты достарымен қоштасып, жер үстіне шығуға жолға шығады. Демалу үшін үлкен бәйтеректің түбіне тоқтайды. Кенет шырылдаған балапандардың дауысы естіледі.

Ер Төстік бәйтерекке өрмелеп бара жатқан айдаһарды көріп, найзамен шауып түсіреді. Балапандар аман қалады. Балапандарының амандығын көрген Самұрық құс — қазақ жерінің тыныштығы мен бақытының қорғаушысы ретінде суреттеледі.

Шығармашылық нөмір

«Самұрық»
Музыкасы: Б. Әлімжан
Өлеңі: Ж. Маханбетова

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Ер Төстік достарының көмегімен талай жеңіске жетті. Музыкада да «көмекшілер» бар: олар шығарманың мазмұнын, тілін түсінуге бағыттайтын музыкалық құралдар мен белгілер.

Кейіпкерлер мен музыкалық ұғымдар байланысы

  • Желаяқ — жылдамдық
  • Саққұлақ — динамика
  • Таусоғар — қатты/ақырын дыбыстау
  • Көлтауысар — лига
  • Көреген — фермата
  • Епті — тембр
  • Ер Төстік — музыкалық бейне

Негізгі ой

Жылдамдық, фермата, лига, тембр, динамика сияқты ұғымдар — шығарманың мазмұнын ашуға көмектесетін «достар». Оларды дұрыс түсіну музыка тілін тереңірек ұғынуға жол ашады.

Сабақ соңындағы ән

«Ертегілер»

Үй тапсырмасы

  • Ертегі мазмұнына сәйкес өзіңізге ұнаған оқиғаны сурет арқылы бейнелеу.
  • «Шынайы дос» тақырыбында эссе жазу.