Кроссворд шешу

Сабақтан тыс сайыс: информатика бойынша білімді жүйелеу

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Утепбаева Гүлзат Кенжалеевна ұсынған ойын-сайыс форматы оқушылардың компьютер сабағында меңгерген білімін қорытындылап, жүйелеуге және жетілдіруге бағытталған.

Мақсаты

  • Компьютер сабағында меңгерген білімді қорытындылау арқылы білімді жүйелеу және тереңдету.
  • Оқушыларды өз бетінше еңбектенуге баулу, жауапкершілігін арттыру.
  • Дивергентті (жанама) ойлауды дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін күшейту.
  • Ойын ережелерімен және кезеңдерімен таныстыру, әділ бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау жүйесі

Әр тур бойынша әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Сайыс соңында жинаған ұпай санына қарай жеңімпаз анықталады.

Турлар құрылымы

1-тур — «Келесі»

Сұрақтар екі тілде қойылады. Егер оқушы жауапты білмесе, «Келесі» деп айтады — сұраққа келесі сайыскер жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

Сұрақтар үлгісі

  1. Информатикадағы өлшем бірліктері: бит, байт.
  2. Вирусты жоятын бағдарлама: антивирус.
  3. Сколько байт в одном килобайте: 1024.
  4. Сурет салуға арналған бағдарлама: Paint.
  5. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама: калькулятор.
  6. Дыбыс жазу құрылғысы: микрофон.

Жалғасы

  1. Центральное устройство компьютера: системный блок.
  2. Компакт дискіні ойнатуға арналған құрылғы/жетек: CD-ROM.
  3. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс: интернет.
  4. Сколько бит в одном байте: 8.
  5. Екілік жүйедегі сандар: 0 және 1.
  6. Небольшая программа, которая приписывает себя к другим программам: вирус.

2-тур — «Қай сөз артық?»

Тақтада 4 сөз анаграмма түрінде беріледі. Тапсырма — сөздерді дұрыс құрастырып, артық сөзді табу және себебін түсіндіру.

Тапсырма 1

терчесвин — винчестер, такедис — дискета, акткомкспди — компакт-диск, сорецпро — процессор.

Артық сөз: процессор (қалғандары — жадта сақтау құрылғылары).

Тапсырма 2

рептьюкром — компьютер, тамикатема — математика, азакиф — физика, лиягоибо — биология.

Артық сөз: компьютер (қалғандары — пәндер).

Тапсырма 3

марамгроп — программа, кышма — мышка, дакротре — редактор, енюм — меню.

Тапсырма 4

вочдека — девочка, юдил — люди, чижмуна — мужчина, чунеки — ученик.

Артық сөз: люди (қалғандары — жекеше тұлғалар).

Көрермендермен ойын — «Қалай оқысаң да»

Ойынға 2 оқушы қатысады. Тапсырма — екі жағынан да бірдей оқылатын сөз жазу (палиндром).

3-тур — «Полиглот»

Оқушы қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айтуы керек: қазақша, орысша және ағылшынша.

4-тур — Кроссворд шешу

Кроссворд рет саны бойынша орындалады: қатысушылар берілген анықтамаларға сәйкес сөздерді тауып, торкөздерді толтырады.

5-тур — «Сиқырлы сурет»

Әр суреттің астында тапсырма беріледі. Қатысушы тапсырманы орындаған сайын сурет «ашылып», келесі қадамға өтеді.

1-тапсырма

«Сократ» бағдарламасының көмегімен сөздерді орыс тіліне аудар:

  • Error level — уровень ошибок
  • Manual input — устройство ручного ввода

2-тапсырма

Excel бағдарламасына енгізіп, есепте:

(234*641) + (324*433)

Қорытынды

Оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша жеңімпаз анықталады. Ең көп ұпай жинаған оқушыға «Компьютердің озат меңгерушісі» атағы беріледі.